14 Сәуір, 2011

Ықыласты құттықтаулар, ізгі тілектер

453 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан На­зар­­баев­­тың атына мемлекет, үкімет бас­шы­ла­ры­нан, халық­ара­лық ұйым­дар­дың жетекші­ле­рінен сайлаудағы жеңі­сі­не бай­ла­нысты құттықтаулар келіп түсуде. * * * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баевты президенттік сайлаудағы сенімді же­ңісімен Италия Республикасының Президенті Джорджио Наполитано құттықта­ды. Құттықтауда былай делінген: Құрметті Президент мырза, Италия халқының және жеке өзімнің атымнан Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануыңызға байла­ныс­ты шынайы құттықтауымды білдіруге рұқсат етіңіз. Өткен жылдарда Сіздің еліңіз Италия энергетикалық және өзге секторларда дамып келе жатқан жіті ынтымақтастық арқылы көмектесуге қуанышты болатындай қуатты экономикалық өсімге қол жеткізді. Сізге, Жоғары мәртебелі, ең игі тілектер және достас Қазақстан халқына өркендеу тілеймін. * * * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баевты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісімен Бахрейн Королі Хамад ибн Иса әл-Халифа құттықтады. Құттықтауда былай делінген: Президент мырза, Сіздің Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануыңызбен Сізге және Өзіңізге үлкен сенім білдірген Қазақ­стан халқына шынайы құттықтауым мен тілегімді жолдауға рұқсат етіңіз. Біздің халықтарымыздың игілігі үшін біздің достас елдеріміз арасындағы жақын және сенімді қатынастардың одан әрі дами­тынынан үміттімін.