Еліміздің Қарулы Күштері қатарындағы Құрлық әскерлерінің қару-жарақ қорына келіп түскен жаңа отандық өнім – броньды «Арлан» дөңгелекті машинасы сынақтан өтті. «Шығыс» полигонында қазақстандық броньды көліктің әскери мүмкіндіктері қысқы қатал ауа райы жағдайында тексерілді.
Сынақ барысында әскери қызметшілер броньды машинамен ең алдымен қалың қармен жүріп өтті. Мұны Қорғаныс министрлігінің терроризммен күрес десанттық тобы жүзеге асырды. Тәжірибеде отандық «КАЕ» кәсіпорнының «САРП» әскери модулінің атқыш жиынтығы пайдаланылды. Яғни, «Арлан» Калашников автоматы, Драгунов мылтығы және ОСВ-96 ірі калибрлі мылтығымен атқыланып, броньды көліктің беріктігі тексерілді. Нәтижесінде, отандық өнімнің жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, өте жоғары сапалы, маневрлі және мықты қорғанысы бар екендігі дәлелденді.
Айта кету керек, «Арлан» – бұл минаға қарсы қорғанысы күшейтілген көп бағытты броньды дөңгелекті техника. Мұндай машиналардан оңайлықпен оқ өтпейді әрі жарылғыш затқа төтеп бере алады. Салмағы 16 тонналық броньды көлік «Арланның» жылдамдығына келер болсақ, сағатына 100 шақырым қашықтықты басып өте алады. Тіпті, -50⁰С-тан +50⁰С-қа дейінгі температурада да бұзылмай жүре береді.
«Арланның» жан-жақты электронды-оптикалық жүйесінің әскери модулі керемет жасақталған. Мамандардың айтуынша, ол жылу беретін камерамен, күндізгі көру камерасымен, лазерлік алысты өлшеуші құралмен, кез келген климаттық жағдайда, түнгі және күндізгі уақытта бақылауға, барлауға және көздеп атуға мүмкіндік береді екен.
Қазақстан Қарулы Күштерінің талаптары мен ұсыныстарын ескерген «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС-нің құрастырушы бюросының жергілікті мамандары «Арлан» броньды машинасын жасап, отандық өнім ретінде тұңғыш рет шығарып отыр. Оны техникалық сынау сәтіне журналистер арнайы шақырылды.
Ал «Арлан» сынағына қатысқан «КАЕ» ЖШС – түнгі, күндізгі көру камераларын, барлау модульдерін, әскери радиобайланыс құралдарын жасайтын еліміздегі бірден-бір кәсіпорын. «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» болса, әскери броньды дөңгелекті көліктердің түр-түрін шығаратын Орталық Азиядағы ең ірі кәсіпорын болып табылады. Аталған кәсіпорындардың біріккен іс-қимылдарының нәтижесінде «Арлан» броньды техникасы бүгінде сынақтан сәтті өтті.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,
журналист
СЕМЕЙ
• 14 Наурыз, 2017
Броньды «Арлан» дөңгелекті машинасы сынақтан өтті

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жасанды интеллект хакатонына барды
Президент • Бүгін, 17:38
Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды
Президент • Бүгін, 17:23
Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары Бұхарадағы Ахуалдық орталыққа барды
Президент • Бүгін, 17:05
Шымкентте балық шаруашылығын технологиялық жаңғыртудың жаңа бағыттары айқындалды
Аймақтар • Бүгін, 16:55
Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:03
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Бүгін, 15:46
Волейболдан Қазақстан чемпионатының плей-офф матчтары «Барыс Аренада» өтеді
Спорт • Бүгін, 15:43
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды
Президент • Бүгін, 14:39
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды
Президент • Бүгін, 14:22
Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында ғылыми онкүндік өз жұмысын қорытты
Ғылым • Бүгін, 13:31
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады
Президент • Бүгін, 12:33
«Ұстаз-блогер» Нұржан Смағұлов жауапкершілікке тартылды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:38
Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Бүгін, 11:02
Қалдықты кәсіп көзіне айналдырды: Ауыл тұрғыны ерекше экологиялық жобаны іске асырды
Қоғам • Бүгін, 10:10