14 Сәуір, 2011

Бергенінен берері көп

471 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министр Кә­рім Мәсімов Тараз қаласына келіп, Жамбыл облыстық мәсли­ха­тының кезектен тыс сессиясына қатысты. Сессияда облыс әкімін тағайындау туралы мәселе қара­лып, Елбасының Жарлығымен об­­лыстың әкімі болып қайта та­ғайындалған Қанат Алдабер­ген­ұлы Бозымбаевтың кандидату­ра­сын де­путаттар бірауыздан қолдады. Премьер-Министр бұдан кей­ін облыс активімен кездесіп, олар­ға Ел­басының Жарлығымен облыс әкімі болып Қ. Бозымбаевтың қай­та та­ғай­ындалғанын хабарлап, құт­тықтады. Алда атқарылатын жұ­мыс­тың көп екенін айтты. Қ.Бозымбаев Елбасы се­німін ақтау­ға, сөйтіп, өңірде индус­триялық-инновация­лық, «Бизнестің жол картасы» си­яқты елдің әлеу­меттік және эконо­ми­калық жағдайын жақ­сартатын көп­теген бағдарлама­лар­ды ерекше күш-жігермен жүзеге асыратынына көпшілікті сендірді. Қ.Бозымбаевтың Жамбыл об­лы­сына әкім болып тағайын­дал­ғанына бір жылдан енді асты. Дегенмен, об­лыста ол атқарған шаруалар бар­шы­лық. Алдағы жыл­дарға жобалап от­ыр­ған жос­пар­ларының да эко­но­ми­калық және әлеуметтік маңызы зор. Демек, жас басшыға іске сәт айтамыз. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Жамбыл облысы.