14 Наурыз, 2017

Сенатта парламенттік тыңдау өтеді

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Сенатының бюро отырысында 2017 жылғы 16 наурызда өтетін палата отырысының күн тәртібі келісілді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Сенаторлар «1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ембі полигонын пайдалану және жалға беру шарттары туралы келісімнің және 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Үкіметі мен Ресей Үкіметінің арасындағы Ембі сынақ полигонын жалдау туралы шарттың қолданысын тоқтату жөніндегі шаралар туралы Қазақстан мен Ресей арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын; заңнамаға қылмыстық-атқару заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша түзетулерді; Экологиялық кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қарайды. Сенат бюросының қаулысы бойынша, 17 нау­рызда «Теңдестірілген және ашық бюджет – елдің табысты және орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының кепілі» атты парламенттік тыңдау өтетін болады.