15 Сәуір, 2011

Ақ тілектер ағыны

341 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың атына президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтаған жеделхаттар мен хаттар толассыз келіп түсуде. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Н.Ора­залиннің құттықтауында: «Мем­лекетіміздің ең үлкен саяси додасында үлкен қажыр-қай­рат, асқан жауапкершілік таны­ту арқылы халық өзінің бола­шақ тағдырын Тәуелсіз Қа­зақ­стан­ның іргесін қалаған аса көр­некті тарихи тұлға – Н.Ә.На­зарбаевпен тікелей бай­ла­ныс­тыратынын тағы да дә­лел­деді», деп атап көрсетілген. 2 миллионнан астам мү­шесі бар кәсіподақ мүше­ле­рінің атынан жолдаған ха­тын­да Кә­сіп­одақтар федерация­сы­ның төр­ағасы С.Мұқашев Ел­ба­сы­ның басшылығымен қо­ғам­дық өмірді демократия­лан­дыру жал­ғасын табатынына, татулық пен келісімнің қам­та­масыз етілетініне, Қазақ­стан­ның әлеу­мет­тік-эко­номикалық қатынас­тары нығая түсіп, ха­лықтың әл-ауқатының жақсара­ты­нына сенім білдіреді. Мұндай мазмұндағы хаттарды сондай-ақ Кәсіподақтар федера­циясы Жастар кеңесінің төрағасы Д.Жанатаев, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ұжымының аты­нан К.Шәмшидинова, Абай атын­дағы ҚҰПУ жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы М.Ушатов, Алматыдағы «Спорттағы дарын­ды балаларға арналған маман­дан­дырылған мектеп-интернат» ұжы­мы жолдаған. Абай атындағы Қазақ ұлт­тық педагогикалық универ­ситетінің ғалымдары атынан хат жолдаған ака­демиктер Н.Мамыров, Ғ.Уә­лиев, профессорлар К.Нәрібаев, С.Кенжебаев, М.Мырзахметов, Е.Кузнецов, М.Қойгелдиев және еңбек ардагері С.Жұмабаев: «Сіздей Ұлт Көшбасшысына деген халықтың ризашылығы шексіз. Бұл Өзіңіз көшін бас­таған елдің сенімі», деп игі тілектерін білдірген. Елбасын сайлаудағы же­ңі­сімен құттықтағандар арасында Н.Шотаев, Ж.Құлбайымбетов, Н.Назаров, С.Елеуов, Н.Рыс­кел­диева, Ш.Байкенжеев, М.Ханділлаев, М.Дайрабай, Р.Бердібаев, Б.Нақыпов, т.б. түркіс­тан­дық­тар бар. Ал профессор Ө.Оз­ған­баев құт­тықтауында: «Әлем жұрт­шы­лығы сайлау қо­ры­тын­дысына жоғары баға беруде. Сіз­дің бұл тарихи же­ңі­сіңіз туған халқы­ңыз­дың, Қа­зақ­стан хал­қының ер­ік-жіге­рі­нің же­ңісі», деп ағынан жарылады. Осындай ізгі тілекке толы хаттар А.Жазылбекова, А. Ма­рат­­қы­зы, З.Берекеқызы, Н.Ера­лы­қызы, Н.Асанова, К.Әбдікә­рі­мов, Т.Тоқ­тарова, М.Бекенов, Е.Шәріпханов, Ә.Мұқашев, Л.Ақ­­па­ров, Д.Лепсібаев, Ә.Кәріп­жа­нов, Р.Данияров, С.Ақышев, Т.Нұ­р­екенов, А.Құ­башева, Ә.Қош­қаров, Е.Нәби, Ғ.Же­ңіс, Ш.Қа­жығалиев және Аба­би­ев­тар отбасынан келді. ШҚО Тар­ба­ғатай аудандық «Тар­бағатай» газеті мен «Семей таңы» га­зе­тінің ұжымдары, «МЕТРО AG» және «МЕТРО Cash Carry In­ter­na­tio­nal» компаниялары бас­қар­ма төр­ағалары Э.Кордес пен Ф.Муллер Елбасын сайлаудағы же­ңісімен құттықтап, ақжолтай тілектерін білдірген.