Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Айқап» журналы мен «Қазақстан» газетінің 100 жылдығына орай үлкен мәдени шара болып өтті. Оны осындағы журналистика және саясаттану факультетінің баспасөз бен баспа ісі кафедрасы ұйымдастырды. Ғылыми-теориялық бұл конференция «Мерзімді баспасөз эволюциясы: адамзаттық құндылықтар мен елдік мүдде мәселелері» деп аталады.
«Айқап» – қазақ баспасөзі тарихындағы жалпыұлттық тұңғыш басылым. Сол кезеңде үкімет көмегінсіз жарық көріп, менеджмент пен маркетингті дамытқан алғашқы журнал. Ол отарлық елге ой салып, ұйықтап жатқан халықты оята білуімен де ерекше сипатқа ие. Оның «Айқап» деп аталу себебі де бекер емес. Бұл ХХ ғасырдың басындағы қалың қазақтың талай нәрседен қапы қалып, сан соғып, «Әй, қап» деп өкінген өмірін өз атымен бейнелеген басылым.
Осы және басқа мәселелерге кешегі конференцияда айқын көз жеткізгендей болдық. Мәселен, факультеттегі баспасөз және баспа ісі кафедрасының меңгерушісі, алаштанушы ғалым Қайрат Сақ: «Журнал басшылығы ұлт баспасөзі тарихында тұңғыш рет қазақ қыздарын тілшілік қызметке тартқан. Басылымдағы тырнақалды туындылары жарық көрген Сақыпжамал Тілеубайқызы, Мәриям Сейдалинова, Күләйім Өтегенқызы – қазақ қыздары арасынан шыққан алғашқы журналистер», – деген жақсы деректі айтып өтті. Жарық көріп тұрған бес жыл ішінде оның 88 нөмірі шығып, журнал редакторы, алаш азаматы Мұхамеджан Сералин бастаған бір топ қоғам қайраткерлері сол кезеңнің мәселелерін сыни мақалалары арқылы түзетуге тырысқан.
«Қазақстан» газетіне келер болсақ, ол 1911 жылдың 6 наурызынан бастап шыққан болатын. Алғашқы нөмірі Ордада, кейін Оралда жарық көрген. Көлемі шағын, алты беттік газеттің 5 саны 1911 жылы шығыпты. Газеттің редакторы Елеусін Бұйрин еді. Газеттің ұстанымы – қазақтар кәсіп қылып, ғылым үйренсін деген ойды айту болатын. Осы мақсатта ол талай қандастарымыздың көзін ашып, сол кезеңдегі қоғамға жақсы жағынан әсер ете білді. Алайда, газетің ғұмыры небәрі 14-15 нөмірімен ғана шектелді.
«Айқап» журналы мен «Қазақстан» газетіне көптеген алаш азаматтары қалам тартты. Атап айтқанда, Мұхамеджан Сералин, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Халел Досмұхамедұлы, Халел Ғаббасов, Мұхаметжан Тынышбайұлы, Қошке Кемеңгеров, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Сәбит Дөнентаев, Спандияр Көбеев сынды ағаларымыз ой айтып, пікір өрбітті. Елді жақсылыққа үндеп, бойкүйездіктен арылуға шақырды.
Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында өтіп отырған «Айқап» журналы мен «Қазақстан» газетінің 100 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференцияның басты мақсаты – халқымыздың осы тұңғыш басылымдарын қалың бұқара арасында насихаттап, ел үмітін ақтаған газет-журналды бүгінгі қоғам өкілдеріне таныстыру. Жиын барысында университет ректоры Бақытжан Әбдірайымның құттықтау сөзін аталмыш бастамаға сәттілік тілеп, проректор Дихан Қамзабекұлы жеткізді. Конференция жұмысына факультет деканы, профессор Намазалы Омашев, «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ президенті Сауытбек Абдрахманов, Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Хангелді Әбжанов, «Отырар» кітапханасы ғылыми-зерттеу орталығының директоры Тұрсын Жұртбай, «Астана» журналы» ЖШС директоры Мақсат Тәж-Мұрат сынды ғалымдар мен тарихшы профессорлар қатысты. Пікір алысу барысында мерзімді баспасөздің қалыптасуы мен даму бағыттарының зерттелуі, БАҚ-тағы адамзаттық құндылықтар және елдік мүдде мен ақпараттық қауіпсіздік мәселелері де кеңінен сөз болды.
Жұлдыз БАЙДІЛДА.

Үкімет Риддердегі жылу желілерін жөндеуге 1,8 млрд теңге бөлді
Үкімет • Бүгін, 18:52
Белгілі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов жұмысшыларына тағы 50 пәтер сыйлады
Қоғам • Бүгін, 18:28
Телефонға телмірген жалғыздық пен жоғалған құндылық: Астанада ерекше көрме ашылды
Мәдениет • Бүгін, 18:05
Енді статистикалық деректерді «AI Stat» сервисі арқылы алуға болады
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:53
Елордадағы жантүршігерлік жағдай: Эвакуатор жүргізушісі аялдамаға соғылды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Президентке көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді
Президент • Бүгін, 17:10
Жаңа Конституция: Елдің саяси жүйесі қалай өзгереді?
Ата заң • Бүгін, 17:02
Қасым-Жомарт Тоқаев GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды
Президент • Бүгін, 16:57
Астанада шамамен 40 адам жасөспірімді аяусыз соққыға жыққан
Оқиға • Бүгін, 16:53
Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады
Президент • Бүгін, 16:40
Астанада 2 жасар баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 16:38
Мемлекет басшысына Defense Tech жобасы таныстырылды
Президент • Бүгін, 16:33
Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
Қазақстан • Бүгін, 16:30
Астанадағы мешіттердің бірінде миллион теңгенің күртешесі қолды болды
Оқиға • Бүгін, 16:19
Жасанды интеллектке «Оскар» берілмейді: Сценарийді адам жазуы шарт
Жасанды интеллект • Бүгін, 16:10