19 Сәуір, 2011

Халықаралық байланыстар ауқымы кең апта

479 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде кезекті апталық брифинг болып өтті. Мемлекетіміздің халықаралық ынтымақтастық пен байланыс бағытындағы маңызды кездесулерімен Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Абдрахманов таныстырды. Ресми өкілдің мәлімдеуіне қа­ра­ғанда, 19 сәуір күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев Киевте бо­латын Ядролық энергияны қауіп­сіз және инновациялық пайдалану жөніндегі саммиттің жұмысына қатысады. Алдағы іс-шара ХХ ғасырдың аса ірі техногенді апаты – Чернобыль атом электр стан­са­сындағы апаттың 25 жылды­ғымен орайластырылып өткізіл­мек екен. Саммитке қатысатынын Еуропа мен Азиядағы бірқатар елдердің мемлекет және үкімет бас­шы­ла­ры, Біріккен Ұлттар Ұйы­мының Бас хатшысы, МАГАТЭ, Еуро­па­лық комиссия, Еуропа Қайта құру және даму банкінің, басқа да халықаралық ұйымдардың бас­шы­лары растап үлгерген. «Қазақстан Республикасы Пре­­зидентінің алдағы саммитке қаты­суы ядролық таратпау және қару­сыздану үдерісіне еліміздің қо­мақ­ты үлесін, халықаралық ядро­лық қауіпсіздік пен атом энер­гия­сын бейбіт мақсатта пайдалану мәселелерінде түбегейлі ұстаны­мын көрсетеді. Саммиттің қоры­тын­дысы бойынша қабыл­дануы тиіс декларация таратпау режімін нығайту қажеттілігі мен Ядролық қаруды таратпау шартының та­лап­тарын ұстануын қамтамасыз ету туралы, мемлекеттердің ядро­лық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану құқығы туралы, ядро­лық қауіпсіздікті күшейту қажет­тілігі және ядролық энергети­ка­да­ғы инновациялық үдерістерге ж­а­ңа елдерді тарту туралы пункт­терді қамтитын болады», деп атап өтті Асқар Абдрахманов. Сонымен қатар, 20 және 21 сәуірде Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Эс­то­нияға барады. Сапар бары­сын­да Мемлекет басшысы Эстония Президенті Тоомас Хендрик Ильвеспен, Парламент спикері Эне Эргмамен және Премьер-министр Андрус Ансиппен келіссөздер жүр­гізеді. Қазақстанмен әрекеттес­тікке мүдделі бірқатар ірі эстон компа­ния­ларының басшыларымен кездесулер ұйымдастырылады. Аталмыш сапар шеңберінде үкіметаралық, ведомство­ларара­лық және коммерциялық компаниялар деңгейінде екі жақты келісімдерге қол қою көзделуде. Көлік, транзит, ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы және та­ғы басқа екі жақты ынты­мақтас­тықтың басым бағыт­тары талқы­ланбақ. 20 және 21 сәуір күндері Бакуде халықаралық көлік дәліз­дері­нің тиімді және қауіпсіз жүйе­лерін дамыту жөніндегі ынты­мақтастық саласындағы сенім ша­ралары бойынша кеңеске мүше мемлекеттер сарапшыларының кез­­десуі өтеді. Бұл кездесуде кө­лік инфрақұрылымдарының да­муы, тран­зиттік саясат, трансшек­ара­лық аумақтарды террорлық мақ­саттарда пайдалануды бол­дыр­мау және трансшекаралық ұйым­дас­қан қылмысқа қарсы кү­рес, трансшекаралық бақылау пунк­т­терінде заңсыз миграцияны бол­дырмау сынды бірқатар мәселе­лер қаралуы тиіс. Ал 24 және 26 сәуір аралы­ғында Сауд Арабиясының Жидда қаласында Ислам Конференциясы Ұйымының экономикалық, әлеу­меттік және мәдени мәселелер жөніндегі комиссиясының 34-ші сессиясы болады. «Отандық деле­гацияға Сыртқы істер министрі­нің орынбасары Қайрат Омаров жетекшілік етеді. Сыртқы істер министрлері кеңесінің үстіміздегі жылдың 28-30 маусымы аралы­ғында Астанада өтетін 38-ші сессиясында қабылданатын ше­шім­дердің жобалары қарасты­ры­латын болады», деді СІМ-нің ресми өкілі. Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.