17 Наурыз, 2017

Сыбайлас жемқорлықпен бүкіл ел болып күресуіміз керек — Назарбаев

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Журналистермен сұхбат кезінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жемқорлықпен күрес, оның жеңу жолдары туралы ойларын айтты.

Сыбайлас жемқорлықпен бүкіл ел болып күресуіміз керек — Назарбаев

«Жемқорлықпен бүкіл әлемде күресіп жатыр. Бірақ әлі ешбір ел оны толық жеңдік деп айта алмайды. Шегінен шыққан кезде коррупция мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Әсіресе, экономикасын жаңа дамытып жатқан жас елдер үшін бұл үлкен проблема. Қытайда ол үшін қаншама адам осы уақытқа дейін ату жазасына кесілді. Бірақ күрес бәрібір тоқтамайды.

Жемқорлықты жеңу үшін атқаратын шаруа көп. Мемлекеттік қызметтің жалақысын өсіру керек, ол өзін және отбасын еркін асырай алатын болуы керек. Қазір мемлекеттік қызметкерлер қатаң байқаудан өтеді. Яғни, адамды көшеден әкеп қызметке қою салу деген болмайды. Ең мықтылар, ең үздіктер таңдалады.

Біз тұрғындарға айтқымыз келеді. Біз бүкіл ел болып қана бұл дертті жеңе аламыз. Ол не деген сөз? Ол ұрлықпен, жемқорлықпен барша халық болып күресу деген сөз. Сингапурде мынадай тәжірибе бар. Егер ұжымда бір қызметкер пара алғысы келсе, оны білген жағдайда әріптесі хабарласуы керек. Әйтпесе, ол парақормен бірге жазаланады. Әрине, бұл біз үшін тым қатаң жаза болар еді.

«Болашақ» бағдарламасымен оқыған жас министр ұсталды.  Ол достарымен бірлесіп сыбайлас топ құрған. Қазір тексеру жүріп жатыр. Әрине, сот шешімі шыққан жоқ. Бірақ бұл іс тоқтамайды. Қылмыскерлер жазасын алады, ұрланған қаржы мемлекетке қайтарылады.