Бокс • 17 Наурыз, 2017

Головкиннің ең үздік бес жекпе-жегі (видео)

226 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бокс жайлы ақпарат тарататын Boxing News журналы орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) WBA (Regular) белбеуінің иегері америкалық Дэниел Джейкобсқа қарсы жекпе-жегінің алдында ең үздік бес жекпе-жегін жариялады. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.

5. Геннадий Головкин – Дэниэл Гил, ТКО 3

Бұл айқас 2014 жылдың 26 шілдесінде Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтті. Жекпе-жек бастала салысымен отандасымыз қарсыласын қыспаққа алды. Алғашқы раундта-ақ австралиялық боксшының жер таянып қалған кезі болды. Екінші раунд та дәл осы бағытта өрбіді, Дэниел Гил нокдаунға түсті. Үшінші раунда Головкиннің кезекті соққысынан кейін тағы да нокдаун алды. Орнынан тұрғанмен, жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

4. Геннадий Головкин — Мэттью Маклин, КО 3

Қос боксшының арасындағы кездесу 2013 жылы 29 маусымда өтті. WBA чемпиондығына үміткер болған Мэттью Маклин де үшінші раундта жеңілді. Бауырына тиген соққыдан британ боксшысы ауыр нокаутқа түсті.

3. Геннадий Головкин – Мартин Мюррей, ТКО 11

2015 жылдың 21 ақпанында өткен жекпе-жекте Мартин Мюррей 11-раундқа дейін шыдас берді. Төртінші раундта британ боксшысы екі мәрте нокдаун алды.

2. Геннадий Головкин — Келл Брук, ТКО 5

Келл Брук қазақстандық боксшыға дейін 36 кездесу өткізіп, бір де бір рет жеңіліп көрмеген. Алайда, кездесудің бесінші раундында британ боксшысының жаттықтырушысы шаршы алаңға орамалын тастап, жеңілгенін мойындады.

1. Геннадий Головкин — Давид Лемье, ТКО 8

2015 жылдың 17 қазанында өткен айқас сегіз раундқа дейін созылды. Сегізінші раундта Головкиннің айқын басымдығын байқаған рефери жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатты. Осы жеңісінің арқасында Геннадий Головкин IBF титулына ие болды.

Дайындаған: Аян ӘБДУӘЛИ, "Егемен Қазақстан"

Соңғы жаңалықтар