Аймақтар • 18 Наурыз, 2017

26 жас отбасы баспаналы болды

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі мәтелі «үйлену оңай, үйлі болу қиын» болып жүрген қазақ біреу үй алыпты десе қуанып қалады. Естігенді елең еткізбей қоймайтын мұндай сүйіншіні М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының қызметкерлері сұрады. Жаңадан салынған шағын отбасылық жатақхананың кілті 26 жас отбасына табыс етілді.

26 жас отбасы баспаналы болды

«Қазақстан темір жолы» ұлт­тық компаниясы» АҚ вице-президенті Ерік Имашев баспаналы болған жас­тарды арнайы құттықтап, ша­ғын жатақхананың құтты қоныс болуын тіледі. «Бүгінде компания еңбеккерлерін әлеуметтік-тұр­мыс­тық тұрғыдан қамту дұрыс жолға қойылған. Бүгінгі қуа­ныш­ты жағдай – болашақ темір­жол­шыларды даярлау мен маман­дар­дың біліктілігін көтеруде ұлттық компанияның корпоративтік сая­саты дұрыс екендігінің бір көр­сет­кіші», деді вице-президент.
«ҚазККА» АҚ ректоры Бақыт­жан Қуанышевтің айтуынша, мем­лекет тарапынан білім саласына көңіл бөлініп, оның ішінде экономикалық өсімге байланысты орта буын мамандарды даярлауға басымдық беріліп жатқан уақытта білім беру саласын­да қызмет етіп жүрген оқытушылардың баспанамен қамтамасыз етілуі жағымды жаңалық.
Қуаныш иелері өз кезегінде ҚазККА мен ұлттық компания бас­­шылығына алғыс айтты. «Өте жай­лы тұрғын үйге ие болдық. Жа­нымызда парк бар. Ірге­мізде Есентай өзені ағып жатыр. Жас қызметкерлер мен шағын от­басылардың тұруына өте қолайлы», – дейді Радиотехника және комму­никация кафедрасының оқыту­шысы Дина Ақтайлақова.
Айта кету керек, қазіргі таңда ҚазККА студенттері мен магис­транттары түгелдей жатақханамен қамтылған.

Алмас НҮСІП,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар