Экономика • 17 Наурыз, 2017

Тимур Сүлейменов Ұлттық қор жұмысының өзгерісін түсіндірді

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов парламенттік тыңдау барысында республикалық бюджетті құрудың жаңаша моделі туралы айтты.

Тимур Сүлейменов Ұлттық қор жұмысының өзгерісін түсіндірді

Ведомство басшысының айтуынша, өткен жылы Президент Ұлттық қор қаржысын құру мен пайдаланудың жаңа тұжырымдамасы бекітілді. Соған сай, 2020 жылдан бастап республикалық бюджеттегі кепілдендірілген трансферт көлемі 2 млрд 880 млн теңгеден 2 млрд теңгеге дейін қысқартылады. Сол себепті 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы осы өзгерістерді есепке ала отырып жасалады. Сонымен қатар, квазимемлекеттік сектордың облигациялық қарыздарына Ұлттық қор қаржысы бөлінбейтін болады. Және де Ұлттық қор жекешелендірудің арқасында түскен қаражатпен толықтырылады.

«2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша кепілдендірілген қарызды қоса есептегенде Үкіметтің мойнындағы қарыз 49,4 млрд долларды құрайды. Осыған орай, Мәжіліс Бюджет кодексіне квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызына мониторинг жүргізу және бақылау орнату енгізілді», — дейді министр.

Министрдің айтуынша, қор активтерін сақтау мен табысын арттыру мақсатында Ұлттық банк Ұлттық қор жинақтау портфелінің активтерін әртараптандыру саясатын жалғастыратын болады.

Осылайша, мұнай бағасын 50 доллармен есептегенде, Ұлттық қордың активі 2020 жылға қарай 80 млрд долларға көбеймек.

Соңғы жаңалықтар