Спорт • 20 Наурыз, 2017

«Алтай» волейбол командасы ел чемпионы атанды

500 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығысқазақстандық «Алтай» волейбол командасы ерлер арасында Ұлттық Лигада чемпион атанды.

«Алтай» волейбол командасы ел чемпионы атанды

«Буревестник-Алматы» волейбол командасын 3:0 есебімен жеңген алтайлықтар уақытынан бұрын біріншіліктің чемпионы атағына қол жеткізді. Осылайша, екі мәрте ел чемпионы атанып отыр.

Павлодар облысының «Павлодар» командасы екінші орынды иеленсе, «ТНК «Казхром» командасы үшінші орында қанағат тұтты. Марапаттау рәсіміне ШҚО әкімі Даниал Ахметов қатысып, жүлдегерлерді құттықтады.

«Бұл біздің облыстың ғана емес барлық волейболсүйер қауымның жеңісі деп білемін. Өңірімізде осы спорт түрінің дамуына атсалысып, клубты қолдап отырған облыс басшылығына алғысымды білдіремін», – деді «Алтай» клубының бас бапкері Игорь Никольченко.

Айта кетейік, өткен маусымда «Алтай» алғаш рет ел біріншілігін жеңіп алған еді. Ол кезде де чемпионат аяқталмай жатып жеңіске жеткен болатын.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар