21 Наурыз, 2017

АҚШ елшісі қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады (видео)

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы АҚШ консулдығы Фейсбуктағы парақшасында Наурыз мерекесіне қатысты ерекше құттықтауды жариялады.

АҚШ елшісі қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады (видео)
Роликте ұлттық шапан киген Қазақстандағы АҚШ Елшісі Джордж Крол наурыз көжеден дәм татып отырып дастархан басындағылардан «Наурыз көже ішу неге дәстүрге айналған, кім біледі?» деп сұрайды. Сұраққа жауапты кішкене қыз бала береді. Ол "Мен наурыз көже туралы аңызды білемін, айтып берейін", дейді. Аңызды тыңдап болған АҚШ Елшісі: «Ұлыстың ұлы күн құтты болсын!», деп көпшілікті құттықтайды.