Бұл туралы Тұманды Альбионның Еуроодақтағы тұрақты өкілі Тим Барроу Еурокеңес басшыларына мәлімдеген. Бұған дейін Британия үкіметі одақтан шығу үдерісінің наурыз айының соңына дейін бастайтынын айтқан.
Естеріңізге сала кетсек, 14 наурызда аталмыш құжатты парламент мақұлдаған болатын. Ұлыбританияның Brexit мәселелері жөніндегі министрінің мәлімдеуінше, үкімет 2016 жылдың маусымындағы халық таңдауын ресми түрде орындауға келесі сәрсенбіде кіріседі. Ал жалпы келіссөздер екі жылға созылуы мүмкін.