Қазақстан • 21 Наурыз, 2017

21 наурызға арналған ауа райы

466 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 наурызда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың батыс, оңтүстік-шығыс, шығыс және оңтүстік аймақтарының кей жерлерінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

21 наурызға арналған ауа райы

Кей жерлерде тұман күтіліп, желдің күшеюі сақталады, оңтүстікте кей жерлерде шаңды дауыл, найзағай болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман бақыланады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с шаңды дауыл соғады. 

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, таңертең және күндіз екпіні 23 м/с болады, кей жерлерінде найзағай күтіледі.

 Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

 Қостанай, Павлодар, түнде  және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман байқалады.

 Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.


Соңғы жаңалықтар