Айтулы мерекені атап өтуге Түркістанға түркі әлемінің 23 елінен 300-ге жуық делегация, одан бөлек барлық облыстардың өкілдері келді.
«Наурызнама» іс-шарасын Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ашты. Дүбірлі тойға еліміздің мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да қатысты. «Наурызнаманың» салтанатты ашылуы мерекелік бағдарламаға ұласты.
Естеріңізге сала кетсек, ТҮРКСОЙ - түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымымен Түркістан қаласы биыл түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде бекітілген болатын.
Ғалымжан Елшібай, "Егемен Қазақстан"
Оңтүстік Қазақстан облысы