Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың ізгі лебізінен соң Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының, сенатор Қуаныш Айтаханов Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы жолдаған құттықтау хатын оқып берді.
Ал ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов түркі дүниесіне еңбек сіңірген бір топ қазақстандық және шетелдік журналистерге Баспасөз сыйлығын тапсырды. Олардың қатарында белгілі жазушы, "Егемен Қазақстан" газетінің ардагері Мархабат Байғұт, "Ана тілі" газетінен Нұрперзент Домбай, "Хабар 24" телеарнасының директоры Арман Балтабаев бар.
Ғалымжан Елшібай, "Егемен Қазақстан"