Аймақтар • 22 Наурыз, 2017

Өскеменде Наурыз мерекесі басталды

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін Шығыс жұртшылығы кең ауқымда атап өтіп жатыр.

Өскеменде Наурыз мерекесі басталды

Әсіресе, облыс орталығы - Өскеменде ұлық мейрамды тамашалауға жиналған жұрттың қарасы қалың. Күннің ызғарлылығына қарамастан еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейiн қаланың қақ ортасындағы алаңға ағылып келіп жатыр. Жұрттың көңіл күйі көтеріңкі.

-Ұлыс оң, ақ мол болсын! Барша қазақстандықтарды ұлық мерекемен құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - дейді Өскемен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаухан Аухадиев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Наурызға арналған негізгі iс-шаралар осы алаңда өтеді. Жұртшылық назарына "Қош келдің, Әз-Наурыз" атты театрландырылған көрiнiс ұсынылып, "Дәруіштер", "Климанджаро"топтары мен Мұрат Мұтырғанов бастаған циркаштар өнер көрсетеді. 

Палау фестивалі, ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, асық ату, арқан тарту, гiр көтеру сынды сайыстар мерекенiң көрігін қыздыра түсуде. 

Өскемендегі мерекелік іс-шаралар міне, енді ғана басталды. Жай басталған жоқ, қазақтың кұмбірлеген күйімен, арулардың мың бұралған биімен басталды.

Азамат Қасым, "Егемен Қазақстан"

Өскемен

Суреттерді түсірген автор


Соңғы жаңалықтар