Қазақстан • 23 Наурыз, 2017

Жасөспірімдер мен студенттерге арналған журнал жарық көрді

570 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жуырда жасөспірімдер мен студенттерге арналған «GENERATIONNEXT» деп аталатын журнал оқырманға жол тартты.

Жасөспірімдер мен студенттерге арналған журнал жарық көрді

Журналдың тұсаукесер рәсіміне Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, БҰҰ балалар қорының өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері қатысты.  

Салтанатты рәсімде сөз алған министр Д.Абаев журнал ұжы­мына табыс тіледі. «Мен жаңа жо­баға шын жүректен табыс ті­лей­­мін. Ми­нистрлік тара­пы­нан қа­жет­ті көмек­тер көр­сеті­леді. Бұл жоба біз үшін, оқыр­­ман­дар үшін маңызды. Бұл – ба­­ла­лар­дың бас­тамасы, біз бала­лар­ды әрқашан қолдаймыз», деді министр. 

«GENERATIONNEXT» жур­налын Әлиля мен Әмина Нәрік­баева­лар бастаған мектеп оқушы­лары шығарады. «Қазір таралып жат­қан ақпараттардың көптігі сон­дай, біз кей жағдайда қажетті әрі пай­далы дүниелерді анықтай ал­ма­ймыз. Біздің журнал оқыр­ман­ды ал­ға жетелейтін, сенімі­мізд­і арт­ты­ратын ақпараттарды жариял­ай­ды. Қазіргі таңда елі­мізде жас­ты­­ғы­на қарамастан керемет мүм­­кін­­діктерге қол жет­кізген өнер­лі, білімді, табысты құрбы-құр­­дас­­тарымыз аз емес, бірақ жас­­тар олардың көпшілігін біле бер­меуі мүмкін. Енді олар тура­лы қызықты ақпараттарды біздің жур­налымыздан оқуға болады», дейді апалы-сіңлілі Нәрікбаевалар.

Журналдың бас редакторы Әсем Беріктің айтуынша, жур­нал оқырмандарға қызықты ақпа­рат беріп қана қоймай, өз бола­шақ­тарын айқындауға, кәсіби тұрғы­да жетілуге мүмкіндік бере­ді. «Біз­дің журналымыз 10-19 жас ара­лығын­дағы жас­тар­ға жур­налист болып қалып­тасуға, маңыз­ды әрі қызықты ақпа­рат­тар­мен бөлісуге, түрлі кәсіп ие­лері­мен, қоғамға пайдасын тигізіп жүр­ген азаматтармен сұхбаттасуға мүм­кін­дік береді», дейді Әсем Берік.

5 мың дана тарылымы бар, қазақ, ағылшын және орыс тіл­дерінде шығатын журналды мо­биль­дік қосымшалардан да оқу­ға болады. Басылымның ал­ғаш­қы нөміріне жас ғалым Дәмел Мек­тепбаева мен танымал әнші Динара Сұлтан және Назарбаев Уни­верситеттің президенті Шигео Катсумен сұхбаттар жария­ланған.


Арнұр АСҚАР,

«Егемен Қазақстан»

АСТАНА



Соңғы жаңалықтар