23 Наурыз, 2017

Токиодағы газетте Наурыз туралы мақала шықты

1310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Токиодағы «Жапония және Еура­зия» газетінің кезекті санын­да жапонтанушы, журна­лист Шарафат Жылқыбаева­ның Ұлы мейрам – Наурыз туралы мақа­ласы жарық көрді.

Токиодағы газетте Наурыз туралы мақала шықты

«Қазақ­стан­нан хат-хабар» айдарымен жа­рия­­ланған мақалада Орталық Азия тұрғындары асыға күте­тін Наурыз мерекесінің мән-мағы­насы және Қазақстан Респуб­лика­сында оны қалай тойлайтыны жазылған.

Мақалада Шығыс халықтары үшін аса маңызды мереке Наурыз келгенде ежелгі ғұн зама­нын­дағы көшпенділер ерте тұ­рып, Күнді қарсы алғандығы тура­лы айтылады. «Көктемді қа­рсы алғанда Орталық Азия халық­тары ағаш егіп, бұлақ көзін аша­ды» дей келе, Наурыздың қазақ танымымен байланысын баян­дайды. Автор қазіргі заман­дағы наурыз айшықтарын да суреттеген. Мереке күні Астана, Алматы шаһарларында Елбасы мен қала басшыларының құт­тықтау сөзімен ашылатын Нау­рыз мейрамының тойлануы тура­лы жазылған.

Мақаланың «Тау баурайын­дағы Жамбыл ауылында» деген бөлімінде 2009 жылы бір топ жапон азаматтарының Жетісу жеріндегі Жамбыл ауылында қо­нақта болып, анасының қолынан наурыз көжеден дәм татқанын есіне алған журналист наурыз көже дәмінің ерекшелігі мен пісіру әдістеріне тоқталады. Жур­­налист Жапонияда 21 нау­рыз­да жеті түрлі өсімдіктен көже әзірленсе, Қазақ елі Ұлы мей­­рам­ға арналған наурыз көжені бір­­лік пен берекенің символы са­най­­ты­нын, Наурыз күні ешкім­ді алала­май, дастарқаннан әр адам дәм тату керектігін айтқан.

«Егемен-ақпарат»


Соңғы жаңалықтар