Медицина • 23 Наурыз, 2017

Семейдегі Наурыз мейрамы

611 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыстың ұлы күні Семейдің Орталық алаңында 40 шақты құрылған киіз үй құрылып, қала әкімі Ермак Сәлімов басшы боп, тойлауға келген 20 мың адам осы үйлерден Наурыз көже дәмін татты.

Семейдегі Наурыз мейрамы

Тігілген киіз үйлердің ішінен Шәкәрім университетінің «Шәкәрім» киіз үйі үздік атанып, ал «Цемент зауытының» жұмысшылары тіккен үй үлгілі атағын иеленді. Жүлде иелері «Экспо 2017» халықаралық көрмесін тамашалауға арналған арнайы билеттермен, бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды. 

Сондай-ақ, осынау берекелі күні Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында қазақтың қас батыры, дарабоз қолбасшы Қаракерей Қабанбай батырдың ескерткіші ашылды. Ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Биыл үржарлықтар – Қабанбай батырдың 325 жылдығын атап өтпекші. 

Үржарда өткен конференцияда Қабанбай батырдың ерлігінен басқа Қытаймен екі ортадағы дипломатиялық қайраткерлігі жайлы да айтылды. Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин, аладғы уақытта Алакөлдің жағдайын жөндейміз, оны ел игілігіне сай ұсынамыз деп отыр. Өткен жылы Алакөлге шет жақтан 250 мың турист келген. Алакөлді жөндеуге облыстық бюджеттен 500 миллион теңге ақша бөлініпті.

Раушан Нұғыманбекова, Шығыс Қазақстан облысы, суреттерді түсірген автор.



Соңғы жаңалықтар