Медицина • 24 Наурыз, 2017

Жаңа белес жолындағы берік көпір

222 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматыдағы Достық үйінде ҚХА Аналар кеңесі «Татар гума­ни­тарлық даму орталығы» «Ильдаш» және Алматы татар қоғам­дық мәдени орталығымен бірлесіп конституциялық реформаны қолдауға арналған отырыс өткізді.

Жаңа белес жолындағы берік көпір

Іс-шараға Алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары Қазбек Мамсұров, Алматы қа­ла­сы ҚХА Аналар кеңесінің бел­­сенділері, Ал­маты татар қоғам­­дық-мәдени орта­лығының бас­шы­лығы, Қазақстан татарлары мен башқұрттары қауым­дас­ты­­ғының өкілдері, Алматы қала­­сы мәслихатының депутат­тары, ҚХА мүшелері, респуб­ли­калық және қалалық этномәдени бір­лес­тік­тердің өкілдері, жас­тар ұйым­­дарының мүшелері, БАҚ өкілдері мен ҚХА өзге де құры­лымдарының басшылары қатысты.

Жиында Елбасы ұсынған жаңа реформалардың халық тарапынан қуатталып іске асуы жайы сөз болды. Ел экономикасының қарыштап дамып, кеңге қанат жаюына, елдің саяси өміріндегі жаңа өзгерістер арқылы халықтың әл-ауқаты артып, демократиялық үде­рістердің алға жылжуы сияқ­ты негізгі жетістіктерге жол аша­тын жаңа реформа ел тари­хын­­дағы елеулі оқиға деп баға­лан­ды. Қазақстан халқы Ассам­блея­сының Алматы қаласы бойын­­ша төрағасының орынбасары Қазбек Мамсұров: «Елбасы ұсын­ған жаңа реформаны тал­қы­лау кезінде ҚХА бар ерік-жі­гері­­мен қызмет жасады. ҚХА ая­­сында реформаны талқылауға ар­налған 400-ден астам іс-шара өтті. Сондай-ақ, «Қазақстанның Үшін­ші жаңғыруы: жаһандық бәсе­кеге қабілеттілік» атты Елбасы­мыздың жаңа Жолдауы да өзінің маңыздылығы мен өзек­ті­лігін көрсетуде», деді өзі­нің сө­зінде.

Шара барысында Жолдауда айтылған негізгі басымдықтар да сөз болды. «Біздің елімізде үл­кен өзгерістер жүзеге асуда. Қиындықты еңсеріп, Тәуел­сіз­дікті нығайту жолында хал­қымыз талай жолдан өтіп келеді. Бұл – басқарудың жаңа тетігі. Уақыт пен заман талабына қарай әр нәрсе өзгеріп дамып, алға жылжып отырады. Осындай жауапты кезеңде Алматы қаласы Аналар кеңесі атынан саяси бастамаларға қолдау көрсету мақсатында

жиы­лып отырмыз. Өйткені, бұл – біз бен сіздің болашағымыз, келешек ұрпақтарымыздың жарқын өмірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаев өзінің жаңа Жол­дауында да білім сапасын арт­тыруға, денсаулық сақтау қыз­метін одан әрі дамытуға, әлемдік дамыған жаңа технология­ларды меңгеруге, халықтың әлеу­меттік-экономикалық жағ­дайын жақсартуға баса назар

ау­да­рып отыр. Сондықтан, ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмы­­лып, Президентіміздің жар­қын баста­маларының іске асуына әр сала­ның мамандары өзіндік үлесімізді қосуымыз қажет», деді Аналар кеңесінің төрайымы Нурия Ниязова.

Қазақстан халқы Ассам­блея­сына қарасты этномәдени бірлес­тіктердің өкілдері де өз ойларын ортаға салып, жаңа реформа жаңа белестерді бағындыру жо­лын­дағы берік көпір екендігін айтты.


Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ



Соңғы жаңалықтар