Медицина • 24 Наурыз, 2017

Агроөнеркәсіп кешенінің келешегі зор

223 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты кезекті Жолдауы шет елдердегі қазақ жастары арасында үлкен қызығушылықпен талқылануда.

Агроөнеркәсіп кешенінің келешегі зор

Жолдауда сөз болған отандық агро­өнеркәсіп саласының келешегі зор. Жалпы, қазіргі кезеңде бірқатар қар­қынды дамушы мемлекеттер үшін агроөнеркәсіп кешені экономиканың драйверіне айналғандығы шындық. Сондай мемлекеттердің қатарына өзім білім алып жатқан, бүгінде Еуропалық одақ аймағының қарқынды дамушы экономикаларының біріне айналған Польша мемлекетін жатқызуға болады. Польшаның жылдам дамуына серпін беруші бағыттардың бірі – елдің дәстүрлі ауыл шаруашылығы.

Поляктар ғасырлар бойы жерден несібесін терген, мал шаруашылығынан пайда көре білген халық екендігі белгілі. Бірақ соңғы онжылдықта Польша агроөнеркәсіпте «дәстүрлі сапа» мен «технологиялық жаңашылдық» ұғым­дарын өзара үйлестіре білді. Аграр­лық сала технологияның соңғы жетіс­тіктерімен жарақтандырылып, сала өнімдерін экспортқа шығару бағытында қыруар жұмыс атқарылды. Нәтижесінде, Польша ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау саласындағы көшбасшы мемлекеттердің біріне айналды.

Мұндай жетістікке поляк кәсіп­кер­лері саланы технологиялық тұрғыдан жаң­ғырту, сыртқы нарықтарды, олардың талаптары мен сұраныстарын жіті зерттеу, зерделеу, тұтынушылардың талап-тілектерін ескеру арқылы қол жеткізді. Польшаның аграрлық сала мамандары елдің ғылыми орталықтарымен өнімнің сапасын арттыру, шығынын азайту және т.б. бағыттар бойынша тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеді. Нәти­жесі де жаман емес, бүгінде поляк алмалары, ет және сүт өнімдері тек Еуропа ғана емес, одан тысқары аумақтарда да кеңінен танымал.

Қазіргі таңда халықаралық қоғам­дастық сапалы, экологиялық тұрғыдан таза ауыл шаруашылығы өнімдерін тұтынуға ниетті. Отандық кәсіпкерлер бұл трендті пайдалана білулері тиіс. Жол­дауда айтылған субсидиялар беру, өнім­ді сақтандыру, тауарларды сақтау мен өткізу, саладағы әртараптандыру қол­ға алынып, ғылыми орталар мен сала кәсіп­керлерінің бірлескен жұмыстары өзара пайдалы бағытта жүргізілсе, отан­дық агроөнеркәсіп кешені дамитын болады.

Ал мемлекетіміз бүгінгі күні құ­ры­­­­лы­сына қыруар қаражат бөліп, қалып­­­тастырып жатқан көлік-логис­тика­лық кешен сала өнімін сырт­қы нарық­тарға шығаруға қызмет көрсе­тетін болады. Аталған логистикалық инфра­құ­рылымды дамыту – биыл­ғы Жолдауда көтерілген басты тақы­рып­тардың бірі.

Халықаралық сауда ағынында Шығыс Азия, Таяу Шығыс және Еуропа аймақтарының рөлі аса жоғары. Еуразия құрлығындағы тасымал бағыттары негізінен аталған аймақтар арасында жүретін болады. Қазақстан сынды теңізге тікелей шығатын жолы жоқ, негізінен құрлықтық сипаттағы мемлекет үшін қуатты көлік-логистикалық кешенді қалыптастыру стратегиялық маңызды қадам саналады. Бұл ретте Дүниежүзілік сауда ұйымына мү­ше­лігіміз оң ықпалын тигізетін болады.

Халықаралық деңгейдегі жолдардың салынуы ел қазынасына түсетін табыспен қатар, жолдың өн бойындағы көлік инфрақұрылымының, қызмет көрсету саласының дамуына сеп бол­мақ. Ол дегеніңіз, қызмет көрсету сала­сындағы кәсіпкерлікті дамытуға мүм­кіндік береді. Ал ішкі жолдардың салы­нуы өңірлер арасындағы барыс-келіс­тің көлемін ұлғайтып, ішкі дамуға мультипликативтік әсерін тигізбек.

Халқымызда «Ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүреді» деген мақал бар. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барша отандастарымызды Елба­сы­ның биылғы бастамаларын жаппай қолдауға, Жолдауда көрсетілген мақсат­тарды жүз­еге асыруда жұмыла еңбек­тенуге шақы­рамын.


Жандос ҚАРЫНБАЕВ,

Варшава университеті саяси ғылымдар және халықаралық қатынастар факультетінің докторанты


Соңғы жаңалықтар