Бағдарламалар • 24 Наурыз, 2017

Дамудың сындарлы бағыты

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы саяси өзгерістер мен экономикалық Үшінші жаңғырудың жаңа жоспары бразилиялықтардың қызығушылығын тудырды. Бұл туралы Қазақстанның Бразилиядағы елшілігі хабарлады.

Дамудың сындарлы бағыты

Қазақстанның Бразилиядағы Тө­тенше және өкілетті елшісі Қай­­рат Саржанов осы елдің мем­лекеттік органдар қызметкерлеріне, ака­демиялық, қоғамдық және іскер­­лік топтар өкілдеріне, Латын Аме­рикасы мемлекеттері елшілік­тері­нің дипломаттарына Мемлекет бас­шысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қа­зақстанның Үшінші жаңғыруы: жа­­һандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының негізгі қағида­ларын түсіндіру бойынша брифинг өткізді.

Қ.Саржанов ұсынылған эко­номикалық Үшінші жаңғырудың жаңа жоспары тек қана жаһандық сындар мен қатерлерге қарсы күрес бойынша міндеттер емес, бо­лашақ экономикалық өсудің бе­рік көпірі екенін атап көрсетті. Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысы белгілеген экономиканы ре­фор­­малау мен жаңғырту және Қа­зақ­станның жаһандық бәсекеге қа­­бі­лет­тілігін қамтамасыз ету бо­й­ын­ша 5 басымдықтарға екпін берді.

Брифингке қатысушылар эконо­микалық жаңғырудың маңыз­ды құжат екеніне назар аударды. Олардың пайымдауынша, жедел технологиялық жаңғыру жөнін­дегі жоспардың сәтті іске асыры­луы ел дамуына ерекше серпін бер­мек. Мәселен, Бразилия Ұлт­тық конгресінің бұрынғы депу­таты, «Uniao Planetaria» (Брази­лия пла­нетарлық одағы) ұйымы­ның басшы­сы, «TV-Supren» телеар­насы­ның президенті Улисис Ридель, Бра­зилия универ­си­теті Халық­ара­лық қатынастар институтының про­фессоры Алсидис Ваз Жол­дау­дағы басымдықтардың орындалуы Қазақ­станды әлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына қосатынына сенім­ді екендіктерін білдірді.


Соңғы жаңалықтар