Қазақстан • 23 Наурыз, 2017

«Алтай» екінші рет ел чемпионы атанды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығысқазақстандық «Ал­тай» волейбол командасы Ұлт­тық лигада ерлер арасында ел чемпионатының жеңімпазы атанды.

«Алтай» екінші рет ел чемпионы атанды

«Буревестник-Алматы» волейбол командасын 3:0 есебімен ойсырата жеңген алтайлықтар уақытынан бұрын біріншіліктің чемпионы атағына қол жет­кізді. Осылайша, «Алтай» екі мәрте ел чемпионы атанып, же­ңіс тұғырының ең биігінен көрінді. Павлодар облысының «Павлодары» екінші орынды иеленсе, «ТНК «Казхром» командасы чемпионаттың қола жүлдесін қанағат тұтты. Марапаттау рәсі­міне облыс әкімі Даниал Ах­метов қатысып, жүлдегерлерді құттықтап, жылы лебізін білдірді.

– Бұл біздің облыстың ғана емес, барлық волейбол сүйер қауымның жеңісі деп білемін. Аймағымызда осы спорт түрі­нің дамуына атсалысып, клубты қолдап отырған облыс басшы­лығына алғысымды білдіремін, – деді «Алтай» волейбол клубының бас бапкері Игорь Никольченко.

Реті келгенде айта кетейік, өткен маусымда тарихта бірінші рет «Алтай» волейбол клубы ел біріншілігін жеңіп алған-ды. Ол кезде де чемпионат аяқталмай жатып жеңіске жеткен еді.


Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН




Соңғы жаңалықтар