24 Наурыз, 2017

​Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін еліміздің батыс, солтүстік-батыс, солтүстік, оңтүстік аймақтарының кей жерлерінде ауа райы жауын-шашынды болады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстіктің кей жерлерінде найзағай ойнайды. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

​Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Алматы облысының Жалаңашкөл аймағында желдің жылдамдығы 18-23 м/с, екпіні 28 м/с дейін жетеді, түнде кей жерлерінде тұман түседі.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Соңғы жаңалықтар

Сахна – рухтың шамшырағы

Театр • Бүгін, 09:05