Қазақстан • 24 Наурыз, 2017

Қазақстан мен Өзбекстанның Қорғаныс министрлері кездесті

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Астанада ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың Өзбекстан Республикасы Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Кабул Бердиевпен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлады mod.gov.kz.

Қазақстан мен Өзбекстанның Қорғаныс министрлері кездесті

Өзбекстанның Қорғаныс министрі ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне барып, университеттің оқу-әдістемелік және материалдық базасымен танысты. 

Ұлттық қорғаныс университеті және Өзбекстан Республикасы Қарулы Күштерінің Академиясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғанын айта кеткен жөн. 

Өзбекстанның Президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында мемлекет басшыларымен әскери ынтымақтастық туралы Келісімге және екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғанын естеріңізге сала кетейік.

Соңғы жаңалықтар

Сахна – рухтың шамшырағы

Театр • Бүгін, 09:05

Қазақы тағамның қасиеті

Экономика • Бүгін, 08:53

Атыраудағы бірегей зауыт

Өндіріс • Бүгін, 08:50

Жұмыссыздарға қандай қолдау бар?

Сараптама • Бүгін, 08:48

MIT-ке қабылданған оқушы

Білім • Бүгін, 08:38