Қазақстан • 26 Наурыз, 2017

Димаш Құдайбергеннің ​ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде жеке концерті өтеді

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы жарияланған expo2017culture.kz сайтында хабарланды.

Димаш Құдайбергеннің ​ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде жеке концерті өтеді

Концерт елордадағы «Астана-Арена» стадионында 27 маусым күні кешкі 19:00-де басталып, 2 сағатқа созылады деп жоспарланған. Билеттер жақында сатылымға шығады.

Айта кетейік, I Am a Singer жобасына қатысып жатқан Димаш оныншы кезеңде "Ұмытылмас күн" әнін қазақ және қытай тілінде орындады. Әннің авторы Димаш Құдайбергеннің өзі, ал сөзін жазған Орал Байсеңгір. Осылайша байқаудың финалына жолдама алды. 

Соңғы жаңалықтар