Бір қарапайым акцияның бағасы 2 мың теңге тұрады.
Банк өзінің 1 млн 050 мың қарапайым акциясын саудаға шығаруды жоспарлап отыр.
"Банк акционерлері де өздерінде бар акция мөлшеріне сай қарапайым акцияны сатып алуына құқылы", - делінген хабарламада.
Ал өтпей қалған акциялар жазылу арқылы инвесторлар арасында ойнатылатын болады.