Бокс • 28 Наурыз, 2017

​Сондерс сөзінде тұрса, біз бәріне дайынбыз – Мұхамедиұлы

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерстің (24-0, 12 КО) WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкинге (37-0, 33 КО) қарата айтқан сөздеріне пікір білдірді.

​Сондерс сөзінде тұрса, біз бәріне дайынбыз – Мұхамедиұлы

«Қазақстанда Головкинмен жұдырықтасуға қарсы емеспін. Бұл маған аса қатты қиындық тудырмайды. Жекпе-жек жөнінде келісімшартқа қол қоюға дайынмын. Жұма күнге дейін Геннадийден хабар күтемін. Ешнәрсе өзгермесе басқа қарсылас іздеймін. Карьерамды жалғастыруым керек», – деген еді Билли Джо Сондерс.

«Бұл керемет қой. Ол сөзінде тұрса болғаны, біз бәріне дайынбыз», – деді Арыстанбек Мұхамедиұлы Үкімет отырысынан кейінгі тілшілердің қойған сұрағына.

Айта кетейік, қос боксшы қазіргі уақытта Қазақстанда жекпе-жек ұйымдастыру жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Бокс кеші Астанада EXPO-2017 көрмесі аясында өтуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар