Атырау, Маңғыстау облыстарында желдің жылдамдығы 17-22 м/с күшеюі мүмкін. Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады.
Ақтөбе облысында жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болып, жел 17-22 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қарағанды облысында желдің екпіні 23 м/с, Ақмола облысында 25 м/с дейін күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Жамбыл облысында тұман, күндіз найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз найзағай ойнайды.