Аймақтар • 29 Наурыз, 2017

Өртке оранбаған Құран

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Мына суреттен қасиетті Құран­ды көріп отырсыз. Ал енді оның тарихы қандай? Бұл Құран Ащысай ауылында тұратын Жанболат ағаның төрінде ілулі тұр.

Өртке оранбаған Құран

– Сонау 1990 жылы Кеңес өкіметінің үстемдік етіп тұрған кезі. Ол кезде мен 20 жастамын. Бірде аула-қорамыз өртенді. Менің атамның атасы Мектепқалидан қалған Құранды жұрт көзіне көрсетпей, кебежеге салып қоятын еді. Оның себебі, ауылдағы белсенділер Құран оқиды, діннің сарқыншағы деген сөздерінен қашып, осылай жасырады екен. Бір ғажабы, сол өртте Құранның айналасы ғана өртеніп, басқа жері аман қалды. Біз таңғалдық. Қасиетті деген осындайдан қалған болар, дейді Ж.Нығметов.

Енді Құранның қай жылдан ке­ле жатқанын есептер бол­сақ, оның әкесі Сағидолла, оның әкесі Нығмет, Нығметтің әкесі Мек­­теп­қали, былайша айтқанда,  Жанболат ағаның үшінші атасы­ның Құраны. Сонда бұл Құранды пай­даланғанға ғасыр жарым уақыт болған.

Қа­сиетті Құранның өртке оран­баған беттерін «бисмилла рахман рахим» деп іштей оқып, суретке түсіріп алдым.

Жұлдыз АСҚАР

Батыс Қазақстан облысы,

Қазталов ауданы


Соңғы жаңалықтар