Бокс • 29 Наурыз, 2017

​Астанада тарихи бокс кеші өтуі мүмкін – Головкиннің өкілі

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) өкілі Жанар Өтешева WBO белбеуінің иегері Билли Джо Сондерспен (24-0, 12 КО) өтуі мүмкін жекпе-жек жайлы пікір білдірді. Бұл туралы sports.kz хабарлады.

​Астанада тарихи бокс кеші өтуі мүмкін – Головкиннің өкілі

«Астанада тарихи бокс кеші өтуі мүмкін. Себебі, он жылдың ішінде алғаш рет абсолютті әлем чемпионы атағы сарапқа салынбақ. Геннадий Головкиннің арманының орындалуына бір-ақ қадам қалды. GGG бұл жекпе-жекті өз елінде, өз жанкүйерлерінің алдында өткізгісі келетінін жасырмады. Абсолютті әлем чемпионы атану үшін боксшымыз үлкен сынақтардан өтті», – деді Жанар Өтешева. 

«Әрине, айтулы шара болғандықтан түрлі сыбыстар айтылады. Кездесудің өтетін күні, орны белгісіз. Головкиннің командасы мүмкіндіктің бәрін жасады. Көп нәрсе ұйымдастырушыларға байланысты болғандықтан әзірге ешнәрсе шешілмей тұр», – деді ол.

Соңғы жаңалықтар