Футбол • 29 Наурыз, 2017

​«Қайрат» ойыншысы Ресей чемпионатының тарихындағы үздік футболшы атанды

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Ресей чемпионатының басталғанына 25 жыл толды. «Спорт-Экспресс» басылымы осы уақыт аралығындағы үздік ойыншыны анықтау үшін сауалнама өткізді. Оған белгілі жаттықтырушылар, басылым журналистері және жанкүйерлер қатысты.

​«Қайрат» ойыншысы Ресей чемпионатының тарихындағы үздік футболшы атанды

Сауалнама қорытындысы бойынша Ресей чемпионатының үздігі атағына «Қайрат» футболшысы Андрей Аршавин ие болды. Ол Ресей ұлттық құрамасының бірнеше жыл капитандық міндетін атқарып, 2008 жылы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды. «Зенитпен» бірге үш дүркін ел чемпионы атанды. Сонымен қатар, УЕФА Кубогын және Еуропа Суперкубогын жеңіп алды.

Сауалнамаға қатысқандар:

1. 10 бапкер (оның тоғызы ресейлік, біреуі шетелдік, яғни 2008 жылы Ресейді Еуропа чемпионатында қола жүлдеге жетелеген Гус Хиддинк);

2. «Спорт-Экспресс» басылымының 10 тілшісі;

3. sport-express.ru сайтында дауыс берген ондаған мың қарапайым жанкүйер.

Соңғы жаңалықтар