Бизнес • 01 Сәуір, 2017

Наурызда Алматыдағы үй бағасы айтарлықтай арзандады

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы жылжымайтын мүлік нарығында баға төмендей бастады.

Наурызда Алматыдағы үй бағасы айтарлықтай арзандады

Әсіресе, наурыз айында бағаның құлдырауы байқалған. Өткен айдағы арзандау деңгейі соңғы бір жарым жылда болмаған көрсеткішті көрсетіп отыр, деп жазады krisha.kz.

Жалпы, 2017 жылдың басынан бері баға 5 пайызға төмендеді. Ал соның 3 пайызы наурыз айына тиесілі. Ақпан айында үйлердің шаршы метрі орташа есеппен 10 мың теңгеге арзандаған.

Наурыз айында, сарапшылардың пікірінше, Алматыдағы үйлердің бір шаршы метрі орташа есеппен 342 400 теңге. Ал 40 шаршы метрлік бір бөлмелі үйлердің орташа бағасы жыл басынан бері шамамен 700 мыңға арзандап, бүгінде 13,7 млн теңге болып отыр.

Ал маусымдық үрдіске қарайтын болсақ, Алматы бағаның тұрақтылығы жағынан республика бойынша алғашқы үштікке кіріп отыр. Үш айда ең көп арзандаған қалалар Ақтау (-9,3%) мен Орал (-3,1%).