Қазақстан • 03 Сәуір, 2017

Бүгін республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын, оңтүстік аймағының кей жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі, тек республиканың солтүстік-батысында, орталығында және оңтүстік-батысында күн ашық. Кей жерлерде екпінді жел, тұман, көктайғақ болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Бүгін республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, тұман болады. 

Оңтүстік Қазақстан  облысының кей жерлерінде күн күркіреп, найзағай жарқылдайды.  Ақмола, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. 

 Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі ықтимал. 

Қызылорда, Павлодар облыстарының  кей жерлерінде жел тұрып, жылдамдығы15-20 м/с жетеді.

 Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.