03 Сәуір, 2017

WorldSkills Kazakhstan - маман даярлауға арналған маңызды жоба

2370 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы елімізді дамудың даңғыл жолына бастар құнды құжат екені айқын. Бұл орайда Білім және ғылым министрлігінде қажетті шаралар ұйымдастырылуда.

WorldSkills Kazakhstan - маман даярлауға арналған маңызды жоба

 Кеше аталмыш министрлікке қарайтын «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз мәслихаты болып, елімізде үшінші жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан WorldSkills Kazakhstan жобасы туралы кеңінен баяндалды.

Жобаның мақсаты – жұ­мыс­шы мамандықтарының мәр­­те­бесін арттыру және ше­бер­лік дағ­­дыларын дамыту. WorldSkills кәсіптік бі­лім­нің дамуына оң әсерін ти­гі­зе­­ді. Оның чемпионатта­ры екі жылда бір рет әр мем­ле­кет­­те өтеді. оған 22 жасқа дей­­інгі колледж және уни­верси­тет сту­дент­те­рі, білікті жас мамандар, соны­мен қатар, та­нымал мамандар, кә­сіпқойлар, өндірістік оқыту ше­берлері мен тапсырмаларды орын­дауды бағалайтын сарапшы ре­тіндегі нұсқаушылар қатысады. Үміт­керлер 76 қатысушы мем­ле­кет­тің өңірлік кәсіптік чемпи­о­­-

наттарынан іріктеледі. Олар өз­дерінің шынайылыққа ба­рын­ша жақын тапсырмаларды шеше отырып, жеке және ұжы­мдық сапасын, техникалық қа­білеттерін көрсетеді.

Ко­ман­да­лар нәтижелері тек қа­ты­су­шы­­­л­­­ардың жеке кәсіби сапасын ғана емес, сондай-ақ, же­ке кәсіптік дайындық дең­гейі мен қатысушылар кел­ген елдің қызмет көрсету са­па­сының деңгейін де көрсетеді. 2014 жылы Қазақстан WorldSkills ас­со­циациясына 76-шы қатысушы мем­лекет болып тіркелді. 2015 жы­лы Қазақстанда WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионаты өткізілді. 2016 жылғы ұлттық чем­пионат нәтижесінде құрылған ұлт­тық құрама мүшелері Euro­Skills халықаралық чемпионаты­на «кірпіш қалау», «құрғақ құ­ры­лыс пен сылақ жұмыстары», «пли­та­мен қаптау», «дәнекерлеу жұ­мыстары», «электр-монтаж жұ­мыстары» бойынша қатысты. WorldSkills Kazakhstan миссиясы  – кәсіптік бағдар механизмін, мамандарды даярлау және еңбек өнім­ділігін арттыруды қоса ал­ғанда, халықаралық стандарт­тар негізінде техникалық ма­ман­дықтар бойынша өндіріс орын­дары саласын жоғары тех­нологиялық мамандармен қам­тамасыз ету механизмін құруға үлкен үлес қосады», деді Білім жә­не ғылым министрлігі тех­ни­калық және кәсіптік білім де­­партаменті халықаралық жо­­ба­­лар және серіктестік бағ­дар­ла­ма­сының басшысы Рауза Шир­га­то­ва.

Жиын барысында «Кәсіпқор» хол­дингі» коммерциялық емес ак­ционерлік қоғамының басқарма тө­рағасы Нұрғали Рымғалиұлы бұл ретте холдингтің атқарып жат­­қан жұмыстарына да тоқ­та­лып өтті.

«Жаңа индустрияға өндірісті көтеретін, жұ­мыс берушілердің талабына сай ке­летін мамандар қажет. Сон­дықтан біз, бі­рін­ші­ден, білім бе­рудің маз­мұ­нына қа­раймыз. Се­­бебі, өндірістегі техникалық өз­геруге байланыс­ты мазмұн да өз­гереді. Осыған байланысты білім маз­мұ­ны да содан қалмай қатар жү­ріп отыруы керек. Екінші – оқу-әдіс­те­мелік құралдармен толық қам­­ту. Үшінші – сабақ беретін ин­­женер-педагогтардың білім дең­­гейін көтеру және жұмыс бе­ру­шілермен қоян-қолтық байла­ныс жасау», деді ол.

Сонымен қатар, ол дуалды оқы­тудың мәні мен маңызына тоқ­талып, кеңінен түсіндіріп өтті. «Қазіргі уақытта елімізде 400-ден астам колледж дуалды оқы­тумен айналысады. 2300-дей жұ­мыс орындары студенттердің тә­жірибеден өтуіне атсалысуда. Ол білікті маман даярлауда ма­ңыз­ды қадам дей аламын. Сол се­бепті біз биылдан бас­тап дуал­ды оқытуға қатысатын жұмыс орын­дарына әдістемелік көмек көрсеткіміз келеді»,  деді Нұрғали Рымғалиұлы.

Рауан Қайдар,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар