Білім • 03 Сәуір, 2017

OpenU – заман талабынан туған жоба

697 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Тұсауы өткен жылдың соңында кесілген «Қазақстанның ашық университеті» сәуір айында алғашқы онлайн курсын бастамақ. Қазір бұл тараптағы дайындық толықтай аяқталған, алғашқы дәрістерді бастауға лекторлар да, порталдың техникалық құрамы да дайын. «WikiBilim» қоғамдық қоры ашқан бұл жоба Қазақстандағы 80 пайыз қазақ тілінде онлайн-білім беретін тұңғыш портал.

OpenU – заман  талабынан туған жоба

Қазақ тіліндегі онлайн курс ашу идеясы бұрыннан бар. Бұл заңды да, себебі, ең сапалы онлайн курстардың 75 пайызы ағылшын тілінде. Одан кейінгі орында, әрине, орыс тілді портал­дар. Ал, қазақ тілінде мүлде жет­к­іліксіз, барының са­пасы тө­мен, көпшілік біле бер­мейді. Біл­меген соң әрине, тұ­ты­ну­шылар да аса көп бола қой­май­ды. Осы жағынан алғанда интер­нет арқылы алғашқы дәрісін оқы­ғалы жатқан «Қазақстанның ашық университеті» жобасының ма­ңызы зор. Рас, бұрын интернет ар­қылы оқу тек шет тілін жетік мең­герген, арғы-бергі шет ел уни­верситеттерінде оқып келген жастар үшін ғана қолжетімді дүние көрінетін-ді. Ал, аталған жобаның артықшылығы – негізгі аудиториясы қазақтілді орта бол­мақ. Және жас талғамайды. Мек­теп оқушыларынан бастап зей­неткерлерге дейін онлайн курсты тегін қолдана алады.

Конференцияның модерато­ры, «WikiBilim» қоғамдық қо­рының президенті Нұрбек Мат­жа­нидың сөзіне қарағанда, Қазақстанның барлық саладағы ғы­лыми жетістігі ешқандай шет ел­ден кем емес. Сондықтан, қазақ­ша дәріс тыңдау тұтынушыларға ға­на емес, еліміздің жоғары оқу орын­дары лекторлары мен ға­лым­­дарының ойын іске асыруына мүмкіндік береді.

ОpenU жобасы талапкерлер мен студенттерге ғана емес, бел­гілі бір салада жұмыс істеп жүр­ген, соның ішінде IT және те­­лекоммуникациялар маманда­ры­на да пайдалы. Мүмкіндігі шектеулі жандар мен орталықтан шалғайда орналасқан аудан және ауыл тұрғындары да өз қы­зы­ғу­шылығы бойынша дәріс тың­дай алады.

Бұл платформа Гарвард уни­­вер­ситеті мен Массачусетс техно­логия институты мамандары жасаған Open edX негізінде құ­рылған. Сайтта түйсікті интер­фе­йс, ыңғайлы бейнеплеер,

ку­рс тыңдаушыларының жеке ка­би­неті, тест тапсырмалары мен кон­спектілер орналастырылған. Жобаның бірінші кезеңінде IT, телекоммуникация және биз­нес салаларына қатысты 10 курс әзір­ленген. Ашық уни­вер­си­тет­тің алғашқы лекторы бел­гі­лі қазақстандық ғалым, физика-математика ғылымдарының док­торы, профессор, ҚР ҰҒА ак­адемигі Асқар Жұмаділдаев бол­ды.

«Бұл – заман талабы. Осыны жа­сап жүргендердің бәрі жас­тар – білімді, жан-жақты, зама­нын таныған қыз-жігіттер. Ағыл­шы­нша, орысша, ең бастысы, қазақша біледі. Қазақша ауызекі тілде сөйлеуге болады, бірақ, ғылыми дәрежеде тіл білу оңай шаруа емес. Қазақ тілін ғылыми айналымға енгізетін осындай жастар. Қазақ эмоциямен, образбен ұғады. Математиканы образбен түсіндіру керек, сонда есте қалады. Бұл алғашқы кезеңде өте маңызды. Осы кезеңді сәтті тә­мамдаған талапкер әрі қарай ешкімге дес бермейді. Сол жа­ғынан алғанда, бұл онлайн кур­с­­­-

тардың маңызы өте жоғары»,  деді академик өз кезегінде. Сон­дай-ақ, математика осы бір

ку­рспен тоқтап қалмауға тиіс еке­нін, кем дегенде дәл осындай жиырма бағытта курс өткізу керек болатынын айтты.

Алмас Нүсіп,

«Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген

Нұрманбет Қизатұлы

АЛМАТЫ