Аймақтар • 03 Сәуір, 2017

Қостанайда «Меценаттар клубының» сыйлығы табысталды

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​«Меценаттар клубының» сыйлығы жыл сайын облыстағы өнер мен шығармашылық, ғылым және мәдениет қызметкерлеріне беріледі.

Қостанайда «Меценаттар клубының» сыйлығы табысталды

Биыл байқауда 136 үміткер бағын сынаған болатын. Солардың арасынан тәуелсіз қазылар алқасының іріктеуімен 34 адам «Меценаттар клубының» сыйлығына ие болды. «Қазына» сыйлығы 12, «Шабыт» сыйлығы 11 аталым бойынша берілді.

Салтанатты кеште облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев жыл сайын меценаттар сыйлығының қанатын кеңге жайып келе жатқанын еске салды.

«17 жыл бойы беріліп келе жатқан «Меценаттар клубының» сыйлығы бүгінге дейін 431 адамға, 17 ұжымға тапсырылды. Оған меценаттар 204 миллион теңге жұмсады», деді. 

Биыл сыйлық алғандар арасында «Шығармашылық ұжым жетекшісі» аталымы бойынша белгілі айтыс ақыны, педагог Әсия Беркенова, «Әдебиет» атылымы бойынша  белгілі ақын Ақылбек Шаяхмет, Александра Суслова, «Ғылым» бойынша Сейтбек Қуанышбаев, «Театр өнері» аталымы бойынша Ажар Шәкіржанова, Наталья Дедюх, «Сурет өнері» аталымында Ануар Сәпиев, «Вокал өнері» бойынша әнші Гүлбану Абдуллина, Серік Әбілев, «Журналистикада» Әлібек Ыбыраев, Екатерина Тутова, Николай Стадниченколар «Қазына» сыйлығын алды. Сонымен қатар жастар арасында «Шабыт» сыйлығы да осындай аталымдармен табысталды. Оның сыртында «Меценаттар клубы» тағайындаған арнайы сыйлықтар тағы бар. 

Әр жыл сайын «Меценаттар клубы» сыйлығы жаңа есімдерді тауып отырады. Биыл «Ғылым» аталымы бойынша сыйлық  құрамында Бермұхаметов Жанайдар, Шевченко Павел , Меңдібаева Анар бар жас ғалымдар тобына табыс етілді. Олар соңғы жылдары ғылыми жаңалықтарына 16 патент алған.

Нәзира Жәрімбетова,

«Егемен Қазақстан»