26 Сәуір, 2011

Халықаралық «Шығыс шынары» конкурсының ережесі

572 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімдігі Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесе отырып, 2011 жылы 20-25 тамызда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына ар­налған «Шығыс шынары» атты халықаралық мү­шәйра өткізеді. Конкурсқа Қазақстан, Қытай, Монғолия, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Қырғызстан мемлекет­терінің ақындары қатысады. Мүшәйраның мақсаты: Қазақстанның «жауҺары» атанған жер жән­наты, өндірістің ордасы болған Шығыс Қазақ­стан облысын, оның басты қаласы Өскеменді дәріптеу, облыстың Тәуелсіздіктің 20 жылында жеткен жетістіктерін мадақтау, жыр жолдары арқылы қалың қауымға паш ету. Ақындарды ынталандыру. Мүшәйра тақырыптары: 1. Тәуелсіздік тірегі – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігің 20 жылдығы. 2. «Шығыс шынары» немесе «Өлең – сөздің патшасы» (Шығыс Қазақстан облысы мен Өскемен қаласы туралы өлеңдер). 3. Еркін тақырып. Мүшәйраға қатысушы талапкер осы үш тақырыпқа арналған өлеңдерін 2011 жылдың 1 мамыр айынан 1 шілдеге дейін «Мүшәйраға» деп, бүркеншік атпен жіберуі тиіс. Қосымша бөлек конвертте автор жайлы мәлімет (аты-жөні, мекені, телефондары, суреті, ақынның шығармашылығы туралы шағын ақпарат, т.б.) толық жазылуы керек. Өлеңдердің электронды нұсқасы қоса жіберілуі тиіс. Мүшәйраға бұрын жарияланбаған өлеңдер ғана қабылданады. Мүшәйраның I-ші кезеңінің қорытындысы шілде айында анықталады. Тамыз айының екінші жартысында II-кезеңге жіберілген ақындар мен «Мүшәйраның» құрметті қонақтары шақырылады. Мүшәйра табиғаты сұлу, қазақтың «Швейцариясы» атанған шығыстың шұ­райлы топырағында бір апта көлемінде өткізіледі. Ақындардың жыр додасы барысында конкурсқа қатысушы қазақтың белгілі поэзия майталман­дары­мен кездесулер, пікірталастар, дөңгелек үстелдер, сұхбаттар ұйымдастырылады. Аптаның соңында II-кезеңнің қорытындысы жарияланады. Ескерту: «Мүшәйраның» нақты өтетін күні мен уақыты БАҚ-да қосымша жарияланатын болады. Жеңімпаздарға тағайындалатын сыйақылар көлемі: Бас бәйге – 1 200 000 теңге, Бірінші орын біреу – 800 000 теңге, Екінші орын екеу – 600 000 теңгеден, Үшінші орын үшеу – 400 000 теңгеден, Ынталандыру сыйлығы төртеу – 200 000 теңгеден, Арнаулы жүлделер төртеу – 150 000 теңгеден. Қатысушылар мен шақырылатын қонақтардың жол қаражаты, тамағы, жатын-орыны ұйымдас­тырушы тарап есебінен. Өлеңдерді мына мекен-жайға жіберу керек: Алматы қаласы Абылай хан даңғылы, 105, 3 қабат. Қазақстан Жазушылар одағына жіберу керек. Электронды почта: [email protected] Хабарласу үшін – 8 727-272-59-44, Зүбайда, Маржан, факс 8 727-261-62-13 Ұйымдастыру алқасы