26 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №395

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 7 сәуір, Астана, Үкімет үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім алудың қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Екінші деңгейдегі банктердің берген білім беру кредиттеріне «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының кепілдік беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 386-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің берген білім беру кредиттеріне «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының кепілдік беру ережесінде: 3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) андеррайтинг - кредитті қайтармау тәуекелін бағалау рәсімі;»; 12-тармақтың 1) тармақшасында «қарыз алушының андеррайтингін» деген сөздер «андеррайтингіні» деген сөздермен ауыстырылсын; 16-тармақтың бірінші бөлігінде «екі данада» деген сөздер «бір данада» деген сөздермен ауыстырылсын; 17-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын; 18-тармақтың бірінші бөлігінде «, кредитор кепілдік беру міндеттемесін толтырады және оның бір данасына бас келісімде белгіленген тәртіппен Қаржы орталығына жібереді» деген сөздер алынып тасталсын; 21-тармақта «қарыз алушының андеррайтингін» деген сөздер «андеррайтингіні» деген сөздермен ауыстырылсын; 25-тармақтың 5) тармақшасында «қарыз алушы андеррайтингін» деген сөздер «андеррайтингіні» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он кун өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі   К.МӘСІМОВ.