«Экологияның ластануын алдын алу шарасы ретінде қоршаған ортаға әсерін бағалау қадамы сәтті енгізілді. Сонымен бірге Қазақстан 2000 жылы Қоршаған ортаға трансшекаралық контексте әсер етуді бағалау жөніндегі конвенцияны ратификациялады. Бұл құжат 1991 жылы Эспо қаласында қабылданған болатын. Осы орайда еліміз қолданыстағы заңнаманы жетілдіруді жалғастыруда. Мұнымен қоса, еуропалық елдер қоршаған ортаға әсерді бағалау мен халық денсаулығына қатысты қадамдарды жақсарту бойынша жұмысты жалғастыруда. Бұл жұмыстың нәтижесі ретінде 2003 жылы Қоршаған ортаға әсерін бағалау конвенциясына Стратегиялық экологиялық бағалау бойынша хаттаманы қабылдау болды», - деді Мырзағалиев.
Оның айтуынша, Стратегиялық экологиялық бағалаудың (СЭБ) негізгі мақсаты - қоғамдық пікірді ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау кезеңінде болуы мүмкін экологиялық салдарды бағалау жөніндегі қадамдарды пайдалану.
«ТМД-ның кейбір елдері Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі хаттаманы ратификациялады. Қазіргі уақытта Қазақстанда Стратегиялық экологиялық бағалауды пайдалану мүмкіндігін зерттеу үшін Еуропалық одақпен және БҰҰ ДБ-мен қолдау тапқан жоба іске асырылуда. Атқарылған жұмыстың нәтижесі елімізде СЭБ элементтерін енгізу бойынша мүмкіндіктерге нұсқайды», - деді вице-министр.