Бизнес • 06 Сәуір, 2017

Атырауда жыл басынан бері мұнайдың 6 заңсыз айналымы анықталды

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда жыл басынан бері мұнай өнімінің 6 заңсыз айналымы анықталды. Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі берген мәліметке сүйенсек, 36 тонна қара алтын құжатсыз сатылған.

Атырауда жыл басынан бері мұнайдың 6 заңсыз айналымы анықталды

Облыс орталығындағы «Контейнерный» ықшамауданынан ешқандай құжаты жоқ дизель отынын сатуға бейімделген шағын цехтың жұмысы әшкере болды. Оны 1973 жылы туған К.Е. деген азаматтың ұйымдастырғаны анықталып, қылмыстық іс сотқа жолданды. Сондай-ақ, 1962 жылы туған тағы бір азаматтан жалпы құны 505 мың теңге болатын 3000 литрден астам қыстық дизель отыны тәркіленді. Оған 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл жазасы тағайындалды. 

Облыстық экономикалық тергеу қызметінің мамандары заңсыз мұнай айналымының қылмыстық топтардың қызметін қаржыландыру көзі болып отырғанын айтады. Мұндай заңбұзушылық мемлекеттің экономикалық мүддесіне де залал келтіреді.

Бақытгүл Бабаш,

«Егемен Қазақстан». 

АТЫРАУ. 


Соңғы жаңалықтар