26 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 402

334 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
2011 жылғы 7 сәуір, Астана, Үкімет үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қазандағы № 1037 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Ауыл және орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға оларды пайдалану үшін ауыл шаруашылығы және орман алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу нормативтерін және Алқаптарды қалпына келтіруге жүмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қазандағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., №41, 432-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін: тақырып «ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын өтеу» деген сөздермен толықтырылсын; кіріспедегі «Жер кодексіне» деген сөздерден кейін «2003 жылгы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне» деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақтың 3) тармақшасы «ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын өтеу» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі    К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі  №402 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қазандағы  № 1037 қаулысымен бекітілген Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу, сондай-ақ орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын өтеу ережесі 1. Осы Ереже (бұдан әрі – Ереже) Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу, сондай-ақ орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын өтеу тәртібін белгілейді. 2. Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу ауыл шаруашылығы алқаптарын ауыл шаруашылыгын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу нормативтеріне (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу нормативтері) сәйкес жүзеге асырылады. 3. Орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеуді жер учаскелері берілетін заңды және жеке тұлғалар орман алқаптарын орман және ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу нормативтеріне сәйкес орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері жасаған есептемеге сәйкес жүзеге асырады. Орман шаруашылығы өндірісінің залалдарын өтеу азаматтық заңнамаға сәйкес орман шаруашылығы өндірісінің нақты зиянын өтеуді, қолдан шығарылған пайданы өтеуді қамтиды. 4. Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеуді жер учаскелері берілетін заңды немесе жеке тұлғалар өздерінің қаражаты есебінен өнімділігі аз немесе өнім бермейтін алқаптарға құнарлы топырақ қабатын салу шартымен жүргізеді. Жер учаскесі берілетін заңды немесе жеке тұлғаның қаражаты есебінен өнімділігі аз немесе өнім бермейтін алқаптарға құнарлы топырақ қабатын салу кезінде жерге орналастыру жобасында мыналар қосымша белгіленеді: құнарлы топырақ қабатын салу көзделетін жер учаскесі алқаптарының орналасқан жері, алаңы мен түрлері; салынатын құнарлы топырақ қабатының көлемі; алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалған шығындардың сомасы (құны); алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалған сома есепке алынған шығындардың мөлшері. 5. Өнімділігі аз немесе өнім бермейтін алқаптарға құнарлы топырақ қабатын салу көзделетін жер учаскесін таңдау жергілікті атқарушы орган құратын комиссияның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады. 6. Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалған сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндірісінің өтеуге жататын шығындарының мөлшері ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу нормативтері бойынша анықталған шығындардың құны мен алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалған шығындардың құны арасындағы айырма ретінде анықталады. 7. Осы Ереженің 6-тармағына сәйкес анықталған алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу мөлшері, сондай-ақ осы Ереженің 3-тармағына сәйкес анықталған орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарының мөлшері жер учаскесі берілетін тұлғамен келісіліп, жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру туралы шешімімен бекітілетін актімен ресімделеді. 8. Шығындар мен залалдар жер учаскесіне құқық беру немесе ауыл шаруашылығы мен орман алқаптарының нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім қабылданған сәттен бастап алты ай мерзімде республикалық бюджеттің кірісіне өтеуге жатады.