Әлем • 06 Сәуір, 2017

ЕАЭО елдері газ нарығындағы жағдайды талқылауда

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) «Еуразиялық экономикалық одақ елдері газдың жалпы нарығын қалыптастыру бағдарламасы» жобасы бойынша кеңесті жалғастырды.

ЕАЭО елдері газ нарығындағы жағдайды талқылауда

ЕАЭО елдерінің өкілетті органдарының және мұнай-газ компанияларының өкілдері Мұнай және газ комиссиясы консультативтік комитетіне қарасты кәсіптік жұмыс тобының тоғызыншы отырысында жобаның құжатын қарады, деп хабарлайды ЕЭК баспасөз қызметі.  

«ЕАЭО газдың жалпы нарығын қалыптастыру - энергетика саласындағы Кеңес елдерінің интеграциялық ынтымақтастық басымдығының бірі болып табылады. Нарықты бастау үшін бізге жылдың соңына дейін бірігіп ережелер жасау қажет: бұны еуразиялық «бестік» елдерінің басшылары күтуде», - деп ескертті ЕЭК Энергетика департаментінің директоры Леонид Шенец. 

Талқылау нәтижесі бойынша жұмыс тобының қатысушылары жобадан табиғи газды сақтау бойынша қызмет түрлерінің құжатын шығаруға келісті.

 Сонымен қатар тараптар газды тасымалдау қызметінің тарифі барлық қатысушыларға бірдей болатындығына уағдаласты. Қазіргі таңда газды жеткізу ЕАЭО елдерінің екіжақты келісімі негізінде жүзеге асуда.


Соңғы жаңалықтар