Қазіргі уақытта елорда аумағында жауапкершіліктің 1-2 деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерде техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтер көрсетумен аккредиттелген 101 ұйым айналысады, олардың құрамында аккредиттелген 442 маман бар. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігіндегі кеңейтілген отырыста Астана қ. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Төлеген Құлышев хабарлады.
Ведомство басшысының мәліметтеріне сәйкес, үстіміздегі жылдың алғашқы алты айының және 2016 жылдың қорытындысы бойынша, басқарма технологиялық қадағалау бойынша 31 сарапшыны әкімшілік жауапкершілікке тартып, оларға 6 ай мерзімге техникалық қадағалау жүргізу құқығына сарапшы аттестатының күшін уақытша тоқтатумен 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Отырыстың жұмысына Астана қ. әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун, және құрылыс объектілерін техникалық қадағалу және бақылау жөніндегі тәуелсіз сарапшылар қатысты.
«Техникалық қадағалау жөніндегі сарапшылар құрылыс ұйымдарының сәулет, қала құрылысы саласында және құрылыс қызметінде бекітілген барлық құрылыс талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді, соның ішінде, орындалған жұмыстардың сапасы, мерзімі, құны, оларды қабылдау және нысандарды пайдалануға тапсыру кіреді. Алайда бүгінгі күні бұл міндеттерді сарапшылардың барлығы тиісті деңгейде орындап отырған жоқ», - деп мәлім етті Сергей Хорошун.
Хорошунның пікірінше, тәжірибе көрсетіп отырғандай, техникалық қадағалауда кездесетін негізгі бұзушылықтар жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде құрылыс-монтаж жұмыстарының барысына тиісті бақылаудың жоқтығы, техникалық қадағалау журналын дұрыс жүргізбеу және нысан құрылысының жағдайы мен барысы туралы есепті ай сайын тапсырмау болып табылады. Сонымен бірге, құрылыс нысаны аяқталған кезде тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) сәулет-құрылыс нормаларына сәйкес келмейтін құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы туралы оң қорытынды шығарып беру фактілері бар. Осының нәтижесінде аталған бұзушылықтар сапасыз көтерілген нысандарды пайдалану кезінде әлеуетті түрде қауіп төндіреді. Атап айтқанда, соңғы уақытта құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу барысында конструкциялардың құлауы және бекітпе қалыптардың үзілуі сияқты оқиғалар жиілеп кетті.
Алайда техникалық қадағалау жөніндегі сарапшылар құрылыс алаңдарының жағдайына назар аудармайды. Атап айтқанда, қоршаулардың талапқа сай келмеуі, көлік құралдарының дөңгелектерін жуатын орындардың жоқтығы, құрылыс алаңдарының аумағында құрылыс қоқыстарының үйілуі. Осылайша, «Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындардың, ғимараттардың және құрылыстардың құрылысын ұйымдастыру» ҚР абаттандыру ережелері және санитарлық нормаларының талаптары сақталмай отыр.
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға сәйкес, аталған бұзушылықтар үшін мердігер ұйымдар да, техникалық қадағалау сарапшылары да жауапты. Мердігердің немесе бас мердігердің талаптарды орындамау немесе тиісті орындамау жағдайында, бұл мәліметтерді бірден тапсырыс берушіге және басқармаға хабарлауды сұраймын», деп мәлім етті ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің құрылыс істері жөніндегі бас сарапшысы Арнольд Ли .
«ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында және қирауға ұшырау және т.б. оқиғаларды болдырмау мақсатында басқарма техникалық қадағалау сарапшыларының қызметін қатаң бақылауға алады, тіпті аттестациясынан және құрылыс ұйымының лицензиясынан айыруға дейін шаралар қабылданатын болады», - деп сендірді Сергей Хорошун.
Сондай-ақ, техникалық қадағалау сарапшыларына құрылысы жүріп жатқан барлық нысандарда құрылыс нормаларына сәйкестік бойынша тексеру жүргізіп, белгіленген талаптарды бұзу жағдайлары анықталып жатса, оларды қысқа мерзімде жою туралы нұсқау беру тапсырылды. Осы ретте көрме қарсаңында ЭКСПО нысандарына ерекше назар аудары маңыздылығы айтылды.
Сонымен бірге, Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары техникалық қадағалау сарапшыларының барлығына өздеріне артылған міндеттерді тиісті орындауды және құрылыс нысандарына қатаң бақылау жүргізуді тапсырды. Сарапшылардың өз қызметтерін дұрыс орындамау фактілері анықталған жағдайда, Қылмыстық кодекс талаптарына сәйкес шара қабылданады.
Отырыстың қорытындысы бойынша Сергей Хорошун техқадағалау сарапшыларымен әр тоқсан сайын кеңестер өткізілетінін хабарлады. Ол жиындарда сарапшылардың аталған бағыттағы жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстары тыңдалып, комитетпен бірге бар мәселелерді жою боуынша шаралар қабылданатын болады.