26 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №418

410 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2011 жылғы 15 сәуір, Астана, Үкімет үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 маусымдағы № 493 және 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) «Өндірілуі, өңделуі, тасымалдануы, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдалануы және жойылуы лицензиялануга тиіс улардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 маусымдағы № 493 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 220-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген өндірілуі, өңделуі, тасымалдануы, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануга тиіс улардың тізбесінде: А тізімі мынадай мазмүндағы 31, 32, 33, 34, 35-тармақтармен толықтырылсын: «31. Этилдиэтаноламин 32. 0,0-диэтил-фосфоротиоат 33. 0,0-диэтил-фосфородитиоат 34. Натрий гексафторосиликаты 35. Метилфосфонотионды дихлорид»; 2) «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 57-қүжат): көрсетілген қаулымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасында (тізімінде): «Материалдар, химикаттар, «микроорганизмдер» және «токсиндер» деген 1-санат бөлімінде: «Мыналар секілді токсинді химиялық заттарды жасау үшін пайдалануы мүмкін химикалийлер:» деген 1С350 бөлік мынадай мазмұндағы 55, 56, 57, 58, 59-тармақтармен толықтырылсын: «55. Этилдиэтаноламин’ 56. 0,0-диэтил-фосфородитиоат; 57. Натрий гексафторосиликаты; 58. Метилфосфонотионды дихлорид.»; «Мыналар секілді адам және жануарлар үшін қауіпті патогендер және токсиндер:» деген 1С351 бөлік мынадай мазмүндағы d, е, f» тармақшаларымен толықтырылсын: «d.WB1, WB2, WB3 түрлерінің бактериялары; е. Ғ1 Соссіdіоdеs іmmіtis және Ғ2 Соссіdiodes роsаdаsіі саңырауқұлақтары; f Генетикалық түрлендірілген ағзалар;»; «Мыналар секілді жануарларға қауіпті патогендер:» деген 1С352 бөлік мынадай мазмұндағы с, d тармақшаларымен толықтырылсын: «с. АВ2 mусорlаsmасарrісоlum (штамм Ғ38) бактериялары; d. Тізімге қосылған микроағзалардың кез келгенінің патогендігіне байланысты нуклеин қышқылының тізбектерінен кұралатын АС2 генетикалық түрлендірілген ағзалары.»; «Мыналар секілді өсімдіктерге қауіпті патогендер:» деген 1С354 бөлік мынадай мазмұндағы d, е тармақшаларымен толықтырылсын: «d. PV1 және РV2 вирустары; е. Генетикалық түрлендірілген ағзалар.»; «Материалдарды өңдеу» деген 2-санат бөлімінде: «Мыналар секілді химиялық өндірістік қондырғылар мен жабдық:» деген 2В350 бөлік мынадай мазмұндағы к, l, m, n, о тармақшаларымен толықтырылсын: «к. Реакциялық түтікшелер, реакторлар; 1. Сақтауға арналған бактар, контейнерлер немесе қабылдағыш резервуарлар; m. Жылу алмастырғыштар немесе конденсациялық аппараттар; n. Ректификациялық немесе сіңіргіш бағаналар; о. Қалпақшалар.»; «Мына секілді биологиялық материалдарды өңдеуге арналған жабдық:» деген 2В352 бөлік мынадай мазмүндағы b, с, d, е тармақшаларымен толықтырылсын: «b. Тозаңдату немесе ұсақ тамшы бүрку жүйелері және олардың құрамдауыштары; с. Фазааралық поликонденсаторлар; d Фазалық бөлгіштер; е. Кәдімгі үй-жайлар немесе турбулентті ауа ағыны бар үй-жайлар.». 2. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі     К.МӘСІМОВ.