2011 жылғы 15 сәуір, Астана, Үкімет үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 маусымдағы № 493 және 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) «Өндірілуі, өңделуі, тасымалдануы, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдалануы және жойылуы лицензиялануга тиіс улардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 маусымдағы № 493 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 220-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген өндірілуі, өңделуі, тасымалдануы, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануга тиіс улардың тізбесінде:
А тізімі мынадай мазмүндағы 31, 32, 33, 34, 35-тармақтармен толықтырылсын:
«31. Этилдиэтаноламин
32. 0,0-диэтил-фосфоротиоат
33. 0,0-диэтил-фосфородитиоат
34. Натрий гексафторосиликаты
35. Метилфосфонотионды дихлорид»;
2) «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 57-қүжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасында (тізімінде):
«Материалдар, химикаттар, «микроорганизмдер» және «токсиндер» деген 1-санат бөлімінде:
«Мыналар секілді токсинді химиялық заттарды жасау үшін пайдалануы мүмкін химикалийлер:» деген 1С350 бөлік мынадай мазмұндағы 55, 56, 57, 58, 59-тармақтармен толықтырылсын:
«55. Этилдиэтаноламин’
56. 0,0-диэтил-фосфородитиоат;
57. Натрий гексафторосиликаты;
58. Метилфосфонотионды дихлорид.»;
«Мыналар секілді адам және жануарлар үшін қауіпті патогендер және токсиндер:» деген 1С351 бөлік мынадай мазмүндағы d, е, f» тармақшаларымен толықтырылсын:
«d.WB1, WB2, WB3 түрлерінің бактериялары;
е. Ғ1 Соссіdіоdеs іmmіtis және Ғ2 Соссіdiodes роsаdаsіі саңырауқұлақтары;
f Генетикалық түрлендірілген ағзалар;»;
«Мыналар секілді жануарларға қауіпті патогендер:» деген 1С352 бөлік мынадай мазмұндағы с, d тармақшаларымен толықтырылсын:
«с. АВ2 mусорlаsmасарrісоlum (штамм Ғ38) бактериялары;
d. Тізімге қосылған микроағзалардың кез келгенінің патогендігіне байланысты нуклеин қышқылының тізбектерінен кұралатын АС2 генетикалық түрлендірілген ағзалары.»;
«Мыналар секілді өсімдіктерге қауіпті патогендер:» деген 1С354 бөлік мынадай мазмұндағы d, е тармақшаларымен толықтырылсын:
«d. PV1 және РV2 вирустары;
е. Генетикалық түрлендірілген ағзалар.»;
«Материалдарды өңдеу» деген 2-санат бөлімінде:
«Мыналар секілді химиялық өндірістік қондырғылар мен жабдық:» деген 2В350 бөлік мынадай мазмұндағы к, l, m, n, о тармақшаларымен толықтырылсын:
«к. Реакциялық түтікшелер, реакторлар;
1. Сақтауға арналған бактар, контейнерлер немесе қабылдағыш резервуарлар;
m. Жылу алмастырғыштар немесе конденсациялық аппараттар;
n. Ректификациялық немесе сіңіргіш бағаналар;
о. Қалпақшалар.»;
«Мына секілді биологиялық материалдарды өңдеуге арналған жабдық:» деген 2В352 бөлік мынадай мазмүндағы b, с, d, е тармақшаларымен толықтырылсын:
«b. Тозаңдату немесе ұсақ тамшы бүрку жүйелері және олардың құрамдауыштары;
с. Фазааралық поликонденсаторлар;
d Фазалық бөлгіштер;
е. Кәдімгі үй-жайлар немесе турбулентті ауа ағыны бар үй-жайлар.».
2. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.