Аймақтар • 08 Сәуір, 2017

ОҚО-да "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің директоры тағайындалды

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Еркебұлан Әлсейітов «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы-«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

ОҚО-да "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің директоры тағайындалды

Еркебұлан Әлсейітов 1983 жылғы 22 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі: Қазақ гуманитарлық заң университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық университеті,    М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.

Еңбек жолын 2005 жылы Шымкент қалалық «Автомобиль жолдары» ассоциациясында заңгер болып бастаған. 2007-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2009-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Казагромелиосушар» республикалық әдістемелік орталығы мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы болып қызмет еткен.

012 – 2016 жылдары қалалық және аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» бөлімінің басшысы, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК ОҚО бойынша филиал директорының орынбасары қызметін атқарған.

Еркебұлан Әлсейітов Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың алғыс хатымен, Шымкент қалалық әкімінің алғыс хатымен марапатталған.  Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.