26 Сәуір, 2011

«Арыстанның» өрендері

512 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
ЖАЛАУ ЖЕЛБІРЕТІП, АНТ ҚАБЫЛДАДЫ Алатаудың Талғар беттегі әдемі қойнауларының біріне ор­наласқан «Арыстан» маман­дан­дырылған лицейі қазірде көпке мәлім. Жас өрендерді әскери тәр­­тіппен оқытатын осынау білім ордасы өткен жылы «Нұр­сұл­тан Назарбаевтың білім қо­ры» қоғамдық қорының білім беру мақсатындағы қайырым­ды­лық жобасының аясында ашылған болатын. Мінеки, өт­кен жексенбіде лицей оқушы­ларына жалау тапсыру рәсімі өтіп, өрендер ант қабылдады. Біздің бір байқайтынымыз, «Арыстан» әскери лицейі жө­нінде халық әр жерде көбірек білгісі келеді. Бұл дегеніңіз осы замандық үлкен білім кешені, барлық қолайлы жағдайлар ту­ғызылған деуге болады. Онда не­гізінен республиканың әр та­рапынан келген тұрмысы төмен отбасылардың ұлдары және жетім балалар оқиды. Лицей өзі­нің басты міндетін қазірдің өзін­де жақсы атқарып, жас өрен­дерді еліміздің қауіпсіз­ді­гін қамтамасыз ететін құры­лым­дардағы мемлекеттік қыз­метке әзір ететін болашақ оқуға жан-жақты дайындауда. Бүгінгі жалау тапсыру рә­сіміне келер болсақ, былай. Жалау дегеніміз лицейдің рәмізі, оқу орнының ар-ожданының, даңқы мен дәстүрлерінің, әске­ри даярлық жөніндегі маман­дық бағдарының белгі-бейнесі болып табылады. Яғни, лицейге жалаудың ресми түрде тап­сы­ры­луы оқу орнына ерекше мәр­тебе береді, мерейін көтереді. Лицей алдындағы алаңда ме­рекелік көңіл күй. Сы­нып­тар­дың өрендері шеру форма­сымен сапқа тұрыпты. Лицей бастығы, генерал-майор С.Тауланов команда бергеннен кейін оркестр марш ырғақтарын құй­қылжыттты. Бұдан соң лицей бастығы «Нұрсұлтан Назар­баев­тың білім қоры» қоғамдық қорының директоры Динара Құ­лыбаеваға лицейдің жеке құрамы жалау тапсыру рәсімі үшін сапқа тұрғызылғанын баян етті. Динара Нұрсұлтанқызы баянды қабыл алып, лицей оқушыларымен амандасты. Одан соң ту ұстаушыдан желбіреген жалауды алып, лицей басты­ғына салтанатты түрде табыс етті. Лицейдің жеке құрамы осындай қуанышты жағдайға бай­ланысты төңіректі жаңғы­рық­тыра үш мәрте: «Ура!» деп жауап қайтарды. Лицей бастығы С.Тауланов жалау тапсырылғаны үшін ал­ғы­сын білдіріп, лицей оқушы­ларынан ант қабылдау рәсіміне кірісетіндігін мәлімдеді. Әрбір оқушы жалау жанына сап ал­дында салтанатпен адымдап келіп, Ант мәтінін оқи бастады. Анттың соңына қарай басқа өрендер де онымен бірге: «Ант етеміз!» деген сөзді үш мәрте қайталап тұрды. Барлығы 80 өреннен ант қабылдау рәсімі аяқталғаннан кейін құттықтау тілектері айтылып, оркестрдің, Аэроұтқыр күштер арнайы бө­лімшесінің, Республикалық ұлан­ның құрметті қарауыл ротасы­ның өнері тамашаланды. Қорғанбек АМАНЖОЛ. ---------------------------------- Суретті түсірген Берсінбек СӘРСЕНОВ.